Тарихи сәт: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін

теннис комитеті

СПОРТ
181

Бүгін, 9 қыркүйекте Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің ширек финалында Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Бұл матч қазақстандық теннисші үшін ерекше маңызға ие — жеңіске жетсе, ол мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін бастайды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Рыбакина қазір WTA рейтингінде екінші орында тұр. Ширек финалдағы жеңіс оған турнирдің әрі қарайғы нәтижесіне қарамастан әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін қамтамасыз етеді. Осылайша ол қазіргі көшбасшы Арина Соболенконы бірінші орыннан ығыстырады.

Қазақстандық теннисші биылғы US Open-де әзірге бірде-бір сетте жеңілген жоқ. Төрт кездесу барысында ол Тея Фродин, Джессика Бусас Манейро, Юлия Стародубцева және Наоми Осаканы жарыстан шығарды. Соңғы матчта Рыбакина Осаканы 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Ал Чжэн Циньвэнь әлемдік рейтингте 121-орында тұр. Қытайлық спортшы іріктеу кезеңінен бастап жеті матчта жеңіске жетіп, ширек финалға дейін жетті. Соның ішінде Мэдисон Киз бен Ига Швентекті сенсациялық түрде жарыстан шығарды.

Бұған дейін Рыбакина мен Чжэн бес рет кездескен. Оның төртеуінде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен.

Матч Қазақстан уақытымен шамамен 20:30-да басталады. US Open ресми кестесінде кездесу Нью-Йорктегі Arthur Ashe Stadium аренасындағы күндізгі сессияның алғашқы матчы ретінде белгіленген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...