Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Азиадада жарыс жолын сәтті бастады

Фото: Ақорда

СПОРТ
154

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ҰОК-қа сілтеме жасап. 

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта ширек финалда моңғолиялық Ариунболд Энхтайванмен белдесіп, қарсыласын иппонмен жеңді. 

Осылайша, отандасымыз Азиаданың финалына шығу үшін бақ сынайды. 

Елдос Сметов үшін бұл Азия ойындарының ерекше мәні бар. Ол 2014 жылы Инчхонда Азия ойындарының чемпионы атанған, яғни араға 12 жыл салып Азия ойындарының алтыны үшін қайта күресіп отыр.

Тағы бір қызығы – Сметов Париж Олимпиадасынан кейін халықаралық жарыстарға өте сирек қатысты. Қазір әлемдік рейтингте 117-орында тұрғанымен, бұл оның спорттық деңгейін толық көрсетпейді: 2024 жылы Парижде Олимпиада чемпионы атанды, ал 2026 жылғы Циндао Гран-приінде бесінші орын алды. 

Аичи–Нагоядағы 60 келі салмақта 20 дзюдошы бақ сынап жатыр. Сметовтің алғашқы қарсыласы Ли Харимнің өзі екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Сондықтан Елдостың турнирдегі алғашқы белдесуінің өзі жоғары деңгейдегі қарсыласпен өтті. 

Ең қызық ықтимал кездесулердің бірі – Елдос Сметов – Ян Юнвэй. Екеуі Париж Олимпиадасының ширек финалында кездесіп, Сметов жеңген еді. Ал Ян Юнвэй – 2023 жылғы Азия ойындарының чемпионы.   

АЙМАҚТАР

"Қазгидромет" мамандары 1, 2 және 3 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Made...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Спорт журналисі Аслан Қаженов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен арада болған жағдай туралы жа...