Мөлдір Әшірбекова қыздар арасында IMMAF MMA чемпионы атанды

Фото: instagram.com/kazmma_official

СПОРТ
2476

Сондай-ақ Мөлдір Әшірбекова Қазақстан тарихындағы ММА бойынша еліміздің шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды madeniportal.kz ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен (IMMAF) Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. 

Ширек финалда жерлесіміз анголалық Эсперанса Чилалды 17:5 есебімен жеңіп, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиладан басым түсті (11:1).

Ал финалдық айқаста мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, қарсыласын тас-талқан етіп ұтты, есеп – 13:1.

«Мөлдір – Қазақстан тарихындағы тұңғыш чемпион. Тарихи жеңіс», – деп жазды Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі. 

Ташкенттегі турнир 4-10 қараша аралығында өтті. Мөлдір Әшірбековадан бөлек, қазақстандық Ерұлан Қабдолов (52,2 келі) та чемпион атанса, тағы алты спортшымыз күміс және қола медаль еншіледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...