Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Коммерс қаласында (АҚШ, Калифорния) өткен бокс кешінде қарсыласын 4...
Министр Шайдоровтың жалақысына қатысты мәселенің қалай шешілгенін айтты
Фото: olympic.kz
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Михаилмен жасалған келісімшартқа қатысты мәселе шешілді. Бұл – стандартты келісімшарт. Оған тек Олимпиада чемпиондары ғана емес, барлық спортшылар қол қояды. Біз оны БАҚ қысымымен бір адамға арнап жеке өзгерте алмаймыз, – деді министр Үкіметте өткен брифингте.
Журналистер министрден туындаған жағдай үшін кім жауапкершілікке тартылатынын сұрады.
Біз Михаилмен бірге келісімшартты қарап шықтық және екі тарап та тиісті қорытынды жасады. Байланыс пен түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Михаилге қатысты мәселе толық шешімін тапты. Қазір оның жаңа маусымға дайындалуына назар аудару маңызды. Екі тараптағы орындаушылар мен менеджерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп жауап берді Ербол Мырзабосынов.
Министрдің айтуынша, Михаил Шайдоровпен жасалған келісімшарттың өзге спортшылардың келісімдерінен еш айырмашылығы жоқ. Сондай-ақ ведомство басшысы спортшының Олимпиададан тағы медаль жеңіп алу міндеттемесінің бар-жоғына тоқталды.
Олимпиада чемпиондары болсын немесе деңгейі төмендеу спортшылар болсын, бәріне бірдей міндеттемелер қарастырылған. Бұл – типтік келісімшарт. Ол қандай да бір қаржыны кері қайтаруды міндеттемейді, – деді Ербол Мырзабосынов.