Асу Алмабаев Ыстанбұлда чемпион атанды

ашық дереккөз

СПОРТ
315

UFC-де аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев ACBJJ турнирінде сенімді жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуді иеленді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

30 тамызда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Ora Arena-да өткен ACBJJ 20 турнирінде Асу Алмабаев тәжік текті ресейлік Халим Назруллоевпен кездесті.

Жекпе-жек тоғыз минутқа созылды. Кездесу барысында қазақстандық спортшы басымдық танытып, қарсыласын бірнеше рет партерге түсірді және жекпе-жектің басым бөлігінде бақылауда ұстады.

Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Асу Алмабаевқа берді. Осылайша қазақстандық файтер All-stars No-Gi чемпионы атанып, белбеуді иеленді.

32 жастағы Асу Алмабаев қазіргі уақытта UFC рейтингінің үздік 15 спортшысының қатарына кіретін жалғыз қазақстандық файтер.

Алмабаев UFC-дегі соңғы жекпе-жегінде америкалық Чарльз Джонсонды сирек кездесетін әдіспен мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Қазақстандық спортшының UFC-дегі келесі жекпе-жегі әзірге ресми жарияланған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында бензин құю кезінде ауыр күйік алған 46 жастағы жұмысшы ауруханада қайтыс болды. Дәр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің бас...