Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Коммерс қаласында (АҚШ, Калифорния) өткен бокс кешінде қарсыласын 4...
Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты
Фото: ҰОК
2618
Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Олимпиаданың финалына өтті.
77 келіде белдесетін балуан жартылай финалда Әзербайжан балуаны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Санан Сүлеймановты ұтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін өткен белдесуде Демеу Жадыраев сенсация жасап, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовты жарыс жолынан тайдырған болатын.