Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп ж...
Талғат Байсуфинов футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті
Фото: kff_team
Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
ҚФФ бас бапкердің отставкасын өкінішпен қабылдап, шешіміне құрметпен қарайтынын жеткізді.
"Талғат Байсуфиновтың команда тізгініндегі жұмысы барысында құрамадағы барлық кезеңдері арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты", - деп жазды Қазақстан футбол федерациясы.
ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді, делінген хабарламада.
Ресми мәлімдемеде, бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланатыны айтылған. Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты күйде жалғасады.