«Реал Мадрид» футбол клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысатын футболшылар тіз...
Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлде иеленді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
163
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Скит бағдарламасының іріктеу кезеңінде Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаевадан құралған қазақстандық команда 274 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Бірінші орынды 287 ұпаймен Қытай құрамасы алды. Үшінші орынға 266 ұпай жинаған Үндістан командасы жайғасты.
Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы жарыстың 35 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.