Қазақстанда жаңа футбол командасы пайда болды

Фото: Pixabay

СПОРТ
240

Тараз қаласында жаңа футбол командасының құрылғаны белгілі болды. Команда Қазақстан чемпионатының Екінші лигасында қала намысын қорғайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстан футбол чемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсетіп жүрген «Тараз» футбол клубының ресми аккаунтында өңірде тағы бір жаңа команданы құру жұмыстары басталғаны туралы хабар жарияланды. Аталған команда ел біріншілігінің Екінші лигасында жарыс жолына шығады.

Биыл «Таразда» екінші лига командасы жасақталады. Бірінші лигамен қатар, енді екінші лигаға да өз командамыз қосылып, өнер көрсететін болады. Бұл — жергілікті жастарға тамаша мүмкіндік әрі үлкен футболға жол ашатын дәліз. Осылайша «Тараз» командалары QJ League – Жасөспірімдер лигасында, Екінші және Бірінші лигада өнер көрсетеді, — делінген «Тараз» футбол клубының ресми хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент қаласында тұрмыстық газдың жарылуы салдарынан бір отбасының үш мүшесі зардап шекті. Оқиға Аб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңаөзенде өртке асыққан арнайы көлік жол апатына ұшырап, тұрғын үйге соғылды. Салдарынан үйде болға...