Кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Фото: zhankoshturarov парақшасынан

СПОРТ
2504

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраровтың (28-0, 28 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жаңқош Тұраров кәсіпқой бокстан келесі жекпе-жегін 28 қыркүйек күні өткізеді. Екі бірдей чемпиондық атағын қорғайтын бокс кеші Алматыда өтеді. 

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бокс кешінде IBO және WBA Gold атағын сақтап қалу үшін жұдырықтасады. Қарсыласы әзірге белгісіз. 

Жаңқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың желтоқсан айында жекпе-жек өткізді. Алматыда өткен бокс кешінде жапон Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, IBO чемпиондық атағын қорғап қалған еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...