Санжар Әділов Азиадада ММА-дан тарихи жеңіске жетті

Фото: Туризм және спорт министрлігі

СПОРТ
477

Қазақстандық файтер Санжар Әділов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жартылай финалда сынға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ҰОК-қа сілтеме жасап. 

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ол финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңіліп қалды.

Осылайша, қазақстандық файтер Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.

"Бұл жүлденің тарихи маңызы бар. Аралас жекпе-жек Азия ойындары бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді", - деді Туризм және спорт министрлігі өкілдері. 

PESTEL

Ганада Uber такси қызметінің жүргізушісі үш әйелдің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....