Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Фото: sport pulse

СПОРТ
1970

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жекпе-жек Ирландияның Дублин қаласындағы 3Arena кешенінде өтті. Басты жекпе-жекте жергілікті боксшы Каллум Уолш польшалық Пшемыслав Руновскиймен жұдырықтасып, WBC Continental Americas Super Welter белдігін сарапқа салды. 

Отандасымыз Әлидің қарсыласы француз Пьер Юбер Дибомбе болды. Жекпе-жек барлық 10 раундқа созылып, Ахмедов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісі. 

Айта кетейік, бұл – Әли Ахмедовтың осы жылдағы үшінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Карлос Риверо және Энкарнацион Диасты мерзімінен бұрын жеңген болатын. 

Бокс кеші Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің «360 Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...