Қазақстандық файтер Әліби Идіріс UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

ашық дереккөз

СПОРТ
1148

Қазақстандық аса жеңіл салмақтағы файтер Әліби Идіріс (12-1) UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен турнирде болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алдын ала кардта ол үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен ямайкалық Оде Осборнды (13-10) жеңді. Осылайша қазақстандық спортшы мансабындағы 12-жеңісін тойлады, еншісінде бір жеңілісі бар.

Ал Осборн өз кезегінде 13 жеңісіне қоса оныншы жеңілісіне ұшырады.

Идіріс үшін бұл UFC аясындағы екінші жекпе-жек және әлемдегі ең үздік лигамен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойғаннан кейінгі алғашқы айқас болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында 33 жастағы ер адам әжесінің келісімінсіз оның атына несие рәсімдеді деген күдікке і...

ЖАҢАЛЫҚТАР

“Қазақстан темір жолы” компаниясы басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталуына байланысты пікір б...