ӘЧ: Қазақстан екі күміс медаль иеленді

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
2752

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде жерлестеріміз екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады madeniportal.kz ҰОК-іне сілтеме жасап.

Грек-рим күресі бойынша 51 кг салмақ дәрежесінде финалға шыққан Алпамыс Болатұлы америкалық Джейден Рейниден 5:7 есебімен жеңіліп, күміс медаль иегері атанды.

80 кг салмақ дәрежесінде Еркебұлан Анапа бейтарап спортшы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жеңіліп, күміс медаль жеңіп алды. 48 кг салмақ дәрежесінде қола медаль үшін күрескен Едіге Төлеутай азірбайжандық Амрах Амраховқа 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

PESTEL

Түркияда 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу енгізілді. 2026 жылғы...

PESTEL

АҚШ-тың Флорида штатында жекеменшік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапты....