Үш қарсыласын жеңген Ажар Асхат Азия ойындарында күміске қол жеткізді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

СПОРТ
173

Қазақстандық дзюдошы Ажар Асхат Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 21 жастағы қазақстандық спортшы финалда жарыс қожайыны, жапониялық Рин Маэдамен белдесті. Тартысты өткен шешуші кездесуде Ажар қарсыласына есе жіберіп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Финалға дейін Ажар Асхат Таиланд, Қытай Тайпейі және Моңғолия өкілдерін жеңіп, сенімді өнер көрсетті.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы ел құрамасының Азия ойындарындағы медаль қорын тағы бір күміспен толықтырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлытау облысында қазақ айтыс өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерманның 75...