Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай бокстан алтын меда...
Қытайды артта қалдырды: Қазақстан Азиадада сегізінші алтынды жеңіп алды
ҰОК
324
Қазақстан құрамасының қоржыны Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында тағы бір алтын медальмен толықты. Бұл жолы ел мерейін академиялық ескек есуден Владислав Яковлев пен Иван Чернухин үстем етті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ерлер арасындағы рульсіз қос ескекті қайықпен жарыстың шешуші кезеңінде қазақстандық дуэт қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, мәреге бірінші келді. Екінші орын алған Қытай экипажы отандастарымыздан 2,09 секундқа қалып қойды. Өзбекстан спортшылары үздік үштікті түйіндеді.
Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасының Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында жеңіп алған алтын медальдарының саны сегізге жетті. Қазіргі таңда ұлттық құрама қоржынында 8 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль бар.