Жартасқа өрмелеуші Амир Маймұратов Сеулде өтіп жатқан Әлем кубогінде күміс медальға қол жеткізді, де...
Тарихи сәт! Дастан Сәтбаев – «Челсидің» АПЛ құрамында
offside
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев «Челсидің» Англия Премьер-лигасының жаңа маусымына тіркелген ойыншыларының қатарына қосылды. Лондондық клубтың АПЛ сайтындағы ресми құрамында 18 жастағы шабуылшы 36-нөмірмен көрсетілген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы "Адырна" жазды.
Осылайша, Сәтбаевтың Англия чемпионатының ресми порталында жеке профилі алғаш рет пайда болды. Дегенмен әзірге оның парақшасында футболшының фотосуреті орналастырылмаған. Ал «Челсидің» ресми сайтында қазақстандық ойыншының профилі әлі жарияланған жоқ.
АПЛ-дің жаңа маусымы келесі аптада басталады. «Челси» алғашқы кездесуін 25 тамызға қараған түні «Фулхэмге» қарсы өткізеді. Бұған дейін лондондық команда «Реал Сосьедадпен» жолдастық матч өткізуі керек.
Дастан Сәтбаев 12 тамызда 18 жасқа толды. Осыдан кейін бірқатар статистикалық порталдар оның «Челсиге» ресми түрде тиесілі екенін көрсетті.
Қазақстандық вингер осы уақытқа дейін клубтың жейдесінде төрт ойын өткізіп үлгерген. Ол маусым алдындағы турне кезінде команда сапында қаралымдағы футболшы ретінде өнер көрсетті.
Сәтбаев «Челсидегі» алғашқы голын дебюттік матчтарының бірінде кездесудің алтыншы минутында соқты. Бұл гол қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Сонымен қатар футболшының жаңа маусымды басқа клубта жалға өткізуі мүмкін деген ақпараттар да тараған. БАҚ мәліметінше, Сәтбаевқа француздық «Страсбур», ағылшындық «Халл Сити», испаниялық «Расинг» және қазақстандық «Қайрат» қызығушылық танытып отыр.
Сәтбаевтың «Челси» сабындағы алғашқы ойындары Қазақстанда үлкен резонанс туғызып, жас футболшыны елдегі ең көп талқыланатын спортшылардың біріне айналдырды.