Темірлан Анарбековтың сейві УЕФА үздіктерінің қатарына енді (ВИДЕО)

ашық дереккөзден алынған

СПОРТ
1640

УЕФА алматылық «Қайрат» қақпашысының сейвін үздік деп атады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтың өткен ойындағы әсерлі сейвін аптаның үздік сәттерінің бірі ретінде атап өтті.

Ұйым Instagram парақшасында бірнеше сейвтен құралған бейнеролик жариялап, көрермендерден ең ұнағанын таңдауды сұрады.
«Сейсенбіде тамаша сейвтер көп болды. Ал сізге қайсысы көбірек әсер етті?» – деп жазылған жазба сипаттамасында.

Бейнежинаққа «Наполи», «Интер», «Вильярреал», «Барселона», «Бенфика» және «Копенгаген» қақпашыларының тамаша әрекеттері де енгізілген.

Еске салайық, 21 қазанда өткен кездесуде Темірлан Анарбеков кипрлік жартылай қорғаушы Влад Драгомирдің қауіпті соққысын қайтарып, командасын голдан аман сақтап қалған еді.

22 жастағы қазақстандық қақпашының ойыны жанкүйерлер тарапынан жоғары бағаланып, әлеуметтік желілерде көптеген оң пікір қалдырылды. Көпшілік оның бұл тізімге тағы бір – Давид Луиздің соққысын тоқтатқан сәтін де қосуға болатынын атап өтті.

Айта кетсек, «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы кездесу тең есеппен аяқталғаннан кейін қазақстандық футбол жанкүйерлері Анарбековке ерекше қолдау білдіріп жатыр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...