«Трансгендер» деп айыпталған екі боксшы қыз финалға шықты

Фото: El.kz

СПОРТ
2586

Париж олимпиадасында ең қызу талқыға түскен екі боксшы қыз финалға шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

57 келіде өнер көрсететін тайваньдық Линь Юйтин төртжылдықтың финалында бокстасады. Жартылай финалда Юйтин түркиялық қарсыласы Эсра Йылдызды 5:0 есебімен жеңді. Енді ол алтынға таласады.

Бұған дейін 66 келідегі алжирлік боксшы Иман Хелиф те финалға жолдама алған болатын.

Бұл екі боксшы да жұрттың ерекше назарына ілікті. Мұның алдында екеуі де гендерлік талаптарды бұзды деген себеппен жарыстардан шеттетілген. Өйткені екеуінің де тестостероны тым жоғары болған. Сол үшін тіпті оларға «жынысын ауыстырды» деген айып та тағылды. Дегенмен ХОК оны жоққа шығарды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...