Жәнібек Әлімханұлы енді ірі жекпе-жектер өткізбеуі ықтимал - белгілі бапкер

ашық дереккөз

СПОРТ
359

Бокс әлемінің беделді басылымы Ring Magazine орта салмақтағы үздік боксшылар рейтингін жаңартып, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының есімін тізімнен алып тастады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Egemen.kz жазды.

Бұған дейінгі рейтингтің көшін бастап келген WBO және IBF белбеулерінің иегеріне қатысты мұндай шешімнің қабылдануына оның допинг сынамасынан тыйым салынған заттардың табылуы себеп болған

Бұл жағдай боксшының мансабындағы маңызды қадамдардың бірі – кубалық Эрисланди Ларамен WBA титулы үшін өтуі тиіс үшінші белбеу үшін жекпе-жегінің тоқтатылуына әкеп соқты.

Дегенмен, Әлімханұлы мен оның командасы бұл айыптаулармен келіспейді. Олар сараптама қорытындысын жоққа шығарып, боксшының тамақтану рационы мен дәрумендер кешеніне ешқандай өзгерістер енгізілмегенін мәлімдеген еді. Қазіргі таңда спортшының тарапы өз кінәсіздігін дәлелдеу мақсатында VADA ұйымынан «В» сынамасын ашуды ресми түрде талап етті.

Сонымен қатар Рахымжан Ерденбеков бұл норма кәсіби боксқа деген сенімнің негізі әрі спорт әлемінің барлық өкілдері үшін міндетті дүние екенін айтты.

Ал белігілі бапкер Жұмабек Өмірзақов Жәнібек Әлімханұлының енді ірі жекпе-жектер өткізбеуі ықтимал екенін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент қаласында Толеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында аса қатыгез қылмыс жасалды. Пышақ жа...

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

Сол жылғы күз бұрынғысынан ерте кірді, жаңбыр сібірлей жауып, қураған жапырақтар құлази жер құшып жа...