Париждегі Жазғы олимпиада ойындары қазақ боксының тарихына алтынсыз қайтқан, сәтсіз сайыс реті...
Блогер Аружан Абилова 100 теңге табыстан 1 миллионға жарнама алатын дәрежеге қалай жеткенін айтып берді
Фото: видеодан скриншот
Қазақ тілді контент түсіруші, блогер Аружан Абилова Анара Батырханмен сұхбатында 1-сыныптан бастап тойға шығып, ақша тапқанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Блогердің айтуынша топтып атауы да өзінің атына құралған екен. Сондай-ақ ол ансамбльдің ерекшелігі де өзі болыпты.
“7 жасымнан тойға шығам. Ансамбльді менің атыма құраған. Негізі менің әпкем биші болған. Анам түрлі кәсіппен айналысып көрген. Мамаға келіп “ансамбль ашып көрсеңіз” деп айтқан ғой. Ол ансамбльдің ерекшелігі мен болатынмын да. Үлкен қыздармен бірге мен шығатынмын. Үлкен қыздар билеп болған соң, мама 1 би подарок деп айтатын, ол мен билеп шығатынмын. Сол үшін бастапқыда анам 100 теңге беретін”, - дейді Аружан Абилова.
Кішкентай кезінен бастап өнерлі, еңбекқор болған арудың алғашқы табысы 100 теңгеден басталса, қазіргі әлеуметтік желінің арқасында табатын табысы миллиондарды құрайды.
“Қиындығына қарай 1 блог сториз жарнама 1 миллион теңге. Тауға барып түсір деген секілді болса әртүрлі баға, қосыла береді”, - деп айтқан блогер.