Генрих Риккерт. Мәдениет туралы ғылым деген не?

ТАНЫМ
7558

Генрих РиккертГенрих Риккерт

Генрих Риккерт (Rickert) (25 мамыр 1863, Данцинг, қазіргі Гданьск – 30 шілде 1936, Гайдельберг) – неміс философы, жаңакантшылдықтың Баден (Фрайбург) мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі. Берлинде, Страсбургте, Цюрихте және Фрайбургте неміс әдебиетін, тарихын, экономикасы мен философиясын оқыды. Фрайбургте В.Виндельбандтың жетекшілігімен "Дефиниция туралы ілім" тақырыбына диссертация қорғады. Страсбург (1888-1891), Фрайбург (1891-1915) және Гайдельберг (1916 жылдан) университеттерінде философиядан дәріс берді. Оның философиялық көзқарастары үлкен эволюцияға ұшырады, соның салдарынан ондай көзқарастар өзінің рухани сүйенері - И. Канттың идеясы шегінен жиі шығып кетеді, демек ол бүл орайда біресе фихтеандық, біресе жаңагегельдік, енді бірде оның бастапқы құрылымдары мен феноменологиясының өзіндік синтез нысанына ауысып отырады. Г.Риккерттің негізгі шығармалары: "Трансцендентальды философияға кіріспе. Таным пәні" (1892), "Ұғымдарды жаратылысты ғылыми түзудің шекаралары" (1896), "Табиғат туралы ғылымдар және мәдениет туралы ғылымдар" (1899), "Өмір философиясы" (1903), "Тарих философиясы" (1905), "Предикаттардың логикасы және онтологияның проблемасы"( 1930), "Философиялық әдіснаманың, онтологияның және антропологияның негізгі мәселелері" (1934) және т.б. "Философия жүйесі" шығармасының бірінші томы 1921 жылы жарық көрді, ал қалғандары аяқталмай қалды.

ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР

I. Мәселенің қойылуы

Эмпирикалық ғылымның бір жағынан теологтар мен заңгерлер, тарихшылар мен филологтар, екінші жағынан тап сондай дәрежеде мүдделі физиктер мен химиктер, анатомдар мен физиологтар, биологтар мен геологтар болып екі үлкен топқа бөлінуіне байланысты қазіргі кезде жеке ғылыми саланы зерттеумен айналысатын ғалымда да, философ сияқты, пікір қайшылығы болмауы тиіс. Бірақ сонымен бір мезгілде жаратылыс зерттеушісі олардың арасында жалпыға ортақ нәрсе бар екендігін мойындайды, басқа топтың өкілдерінде, әсіресе егер жекелеген ғалымдардың пікірлерін айтқанда, олардың бірлескен қызметі үшін ортақ атауды бірден таба қоюға тіптен мүмкін болмайтындай көрінеді. Мынадай сұрақ туындайды: сондай жалпыға танымал және барлығы қолданылатын атаудың болмауы толықтай айқындалған ұғымның болмауының кері жағы емес пе. Сондықтан бұдан кейінгі талқылаулардың мақсаты жаратылыс емес - ғылыми пәндердің жалпы мүдделерін, міндеттері мен әдістерін айқындайтын ұғымның дамуына, және жаратылыстану әдістерінен оларды шектеуге қатысты болмақ. Менің ойымша, бұл ұғым мәдениет туралы ғылым терминімен жақсы бейнеленеді. Мәдениет туралы ғылым деген не, және ол табиғатты зерттеуде қандай қатысы бар?

Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, мұндай талпыныс жалпы алғанда қандай мәнге байланысты бірқатар ескертулерді ойластырып алу керек. Біз бұл арада логиканың, дәлірек айтқанда, әдіс туралы ғылымды баяндау немесе ілімнің бір бөлігімен ғана айналысамыз, бізге жекелеген жаратылыс немесе мәдени-ғылыми пәндердің айырықша мазмұны мүлдем қатыссыз болады. Оның соңғысы арнайы ғылыммен айналысатын ғалымдарды ғана қызықтырады. Философия «саналы түрдегі жартылай білім беру» үзіндісін беруге қатысты міндетті өзінің алдына қоймауы тиіс, бірақ ол қазіргі кездегі ғылыми материалдың көптігіне орай мұндай жағдайда оған келуі қажет. Бұл орайда ең алдымен бізді қызықтыратыны ғылымның өзі үшін қажетті зерттеуші-маманға ұсынылатын материалын табуға көмектесетін үдеріс емес, ғылыми прогрестің толық құқықты, басты факторы болатын үдеріс. Өйткені, барлық ғылым атаулыда барлық тәсілдер мен қуатты құралдар бірдей теңқұқықты жаңа фактілерді ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан ғылыми қызметтің екі тобы арасындағы елеулі қарама-қайшылықты көрсете алатын формулаларда зерттеу мен ізденудің бүкіл осы әралуандығын көрсетуге есеп жасауға болмайды. Сонымен, ғылыми материалды жинауға қатыстының бәрін біз ешқандай қараусыз қалдырамыз. Бұл арада бізді қызықтыратын бірден-бір нәрсе, керісінше, материалды реттеушілік пен өңдеу жүзеге асатын жерде ғана және осы үдеріс өзінің аяқталу сатысына жеткен тұста айқын сезіне алады. Ғылыми қызметтің бүл сатысы қолданылмайды, бірақ зерттеуші-мамандардың тарапынан үлкен ықылас туғызады, сондықтан оның үлкен бөлігі «өзінен өзі ұғындырылатын» ретінде сипатталады. Және егер оны түсіндіру философияның дербес міндеті болса, онда демек оның ауырлық күші эмпирикалық зерттеу назары әдетте бағытталатын тұсқа аумайды.

Дейтұрғанмен өңдеу үдерісі кезінде де, сондай-ақ оның нәтижесінде де логиканың міндеті барлық иірімдер мен вариациясына, ғылыми әдістердің барлық аралық нысандарына ынтамен келіп қосылатын талдау типін сипаттамау болып табылады, өйткені, менің ойымша, бұл міндетті белгілі бір ғылыми салаларда өзін соншалықты еркін сезінетін маман-ғалымдар арқылы жеке ғылымдарға берген жөн. Ғылыми сөз, егер ол дербес мағынаға ие болса, ойлаудағы жалпы ерекшеліктерден бастау алуы мүмкін, тек содан кейін ғана, осылайша ұғымдарды жасау көмегімен ол оны жеке жағдайларда қолдануға біртіндеп өтуі тиіс. Біздің міндетіміз осы бастапқы пунктті айқындау, яғни ғылыми ойлаудың екі негізгі нысандарын жасау болып табылады.

Басқаша айтқанда, мен ең бастысы ғылыми қызметтің араларында барлық эмпирикалық ғылым белгілі дәрежеде орналасқан екі шеткі полюстерін айқындаумен шектелгім келеді. Талап етілетін айырмашылықты айқын көрсету үшін мен шын мәнінде бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдардағыны ажыратуым керек; екінші жағынан алғанда, кем дегенде бастапқыда маған ғылымдардың екі тобын бір-бірімен біріктіретін көптеген байланыстарынан мүлдем қол үзуге тура келеді, немесе олармен қаншалықты дәрежеде есептескенде, соншалықты олардан екі негізгі нысандарды бөлуге қарсы қарсылықтар пайда болуы мүмкін. Еңбектің әралуан салалары арасындағы көпқырлы өзара қарым-қатынастардың құндылығын мойындайтын маман-эмпирикке олардың арасындағы барлық көпірлерді жоюға деген мұндай әрекет сыңаржақты немесе тіпті күштегендей болып көрінуі мүмкін. Бірақ логика үшін, ол жалпы ғылыми өмірдің сан түрлі әралуандығы арасында шекара жүргізуді қалайтын болса, басқа жол жоқ. Сондықтан бұдан кейінгі баяндауларда бөліп шығарылғанның бәрін географтардың жер шарында бағыт ұстанатын сызықтарымен салыстыруға болады, тап сол сияқты мұндай сызықтармен ешқандай шындық сәйкес келмейді, - тек айырмашылығы globus intellectualis* шар емес, шарда, былайша айтқанда, өз-өзінен мәлімет болып табылатын полюс пен экватор бар ғой, бірақ оларды анықтау үшін айрықша зерттеудің керектігі сезіледі.

Теориялық құндылықты ондай бағыт беретін схемаға негіздеудің қажеті бола қоймас. Мен одан жеке ғылымдарды бөліп алудың қаншалықты пайдалы екендігін де зерттемек емеспін, бірақ қайткенде де ол маған соншалықты пайдасыз болып та көрінбейді, әсіресе бүл мәдениет туралы ғылымдарға қатысты, онда қазіргі кезде тек жаратылыстанумен құнды өзара байланыстар сақталып қоймайды, сонымен қатар мүлдем жол беруге болмайтын екі саланың арасындағы шекараны жиі аттауға тура келеді.

Ондай құбылыстың себебін көрсету қиындық келтірмейді. Кімде-кім жаратылыс ғылымдарымен шұғылданса, қазіргі кезде тек жалпыға мәлім терминологияны ғана тауып қоймайды, сонымен қатар көп жағдайда бір-бірінен аз немесе көп деңгейде күрт алшақтап кеткен байланысты жүйеде тұтастай аражігінде өзінің арнайы қызметі үшін белгілі бір орынды да айқындайды. Мәдениет туралы ғылымдар, керісінше, сондай берік жүйені іздеуі тиіс. Бүл оз алдына, бұл саладағы берік негіздің болмауы әлі онша коп емес, соған орай оған тіпті жаратылыс-ғылыми әдісті бірден бір дұрыс санайтын натурализмнен өзінің дербестігін қорғауға тура келеді. Логика мұндай даулы мәселеде көмекке келе алмай ма, ол оз тарапынан жаратылыс ғылымдарының біржақты ықпалынан босануға тырысады емес пе?

Әрине, ешкім де қазіргі кезде кез келген табиғат зерттеушісі оз қызметінің логикалық мәнін терең түсінетіндігімен мәдениет туралы ғылымдардың өкілдерінен ерекшеленетіндігін дәлелдей алмайды. Бірақ тарихи ахуалдың арқасында онда буыны қатып келе жатқан ол соңғысына қарағанда неғұрлым өзін қолайлы сезінеді. Мен өз тақырыбыма көшпес бұрын сондай құбылыстардың себептеріне бір-екі ауыз сөзбен тоқтағым келеді.

II. Тарихи қалыптасқан ахуал

Егер біз соңғы ғасырлардағы тарихқа көз жүгіртетін болсақ, онда бұл жаратылыстануды философиялық негіздеу үшін философияның бөлігі саналатын жекелеген ғылыми пәндердің зерттеушілерінің бір бөлігімен өте коп нәрсе істелгенін көреміз. Кеплер, Галилей, Ньютон еңбектерінде эмпирикалық зерттеу өз қызметінің мәнін айқын түсінуге ұмтылыс қоян-қолтық жүреді, және мұндай ұмтылыс нәтижелі де болды. Жаратылыс-ғылымы ғасырдың философиясы - мен бұл орайда ХVІІ ғасырды айтып отырмын -жаратылыстанудан әрең дегенде ажырай алды. Бірақ ол да жаратылыс-ғылыми әдісті түсіндіруге орай нәтижелі жұмыс істеді - соған қатысты тек Декартты немесе Лейбницті еске алсақ та жетіп жатыр. Ал ХVІІІ ғасырдың аяғында жаңа дәуірдің кемеңгер ойшылы заттың болмысы ретінде табиғаттың жетекші ұғымын әдістеме үшін түпкілікті айқындап берді, «себебі ол жалпы заңдармен айқындалды»", сол арқылы жаратылыстанудың неғұрлым жалпы ұғымы келіп шықты.

Әрине, Кант өзінің «сондықтан ол айқындалған» тұжырымы арқылы жекелеген жеке ғылымдарда болмаса да философияда жаратылыс ұғымын айырықша басымдығынан тайдырды, яғни ол Ағарту дәуірі кезеңінде мәдени өмірдің тарихи қалыптасуына қолдану кезінде толықтай күйреген жаратылыс-ғылыми «дүниеге көзқарастан» айырды, сондай-ақ оның теориялық тұрғыдан абсолюттік сипатын және сондай-ақ абсолюттік шамасынан оны тек салыстырмалы түрде дұрыс шама деңгейіне түсірді, осылайша арнайы зерттеудің саласын жаратылыс-ғылыми әдіс шектеп тастады. Бірақ жаратылыс ұғымы мұндай шектеуден тек қана ұтты десе болады: соның арқасында ол одан жақсырақ айқындала түсті және айқынырақ танылатын болды, сондықтан егер тіпті біршама қалыс қалған философия қазіргі кезде оған оның айрықша басымдығын қайтарып беруге күш салатын болса, онда жаратылыс туралы жеке ғылымдар үшін бұдан келіп-кетер зиян жоқ. Жаратылыс ұғымы бұл орайда ең бастысы өзгеріссіз қала береді. Тіпті болмағанда гносеологиялық көзқарас орнын жылжитын дүниетанымның мұндай тарылуы жағдайында қайтадан ескі метафизикалық натурализм өзі үшін әлсіздіктің есесін қайтарады, оны көптеген табиғат зерттеушілері атомистика немесе энергетика тәрізді неғұрлым жалпы теориялардың кейбір қиындықтарына қатысты кездестірді. Сонымен қатар көңілге кірбің ұялататын тағы бір жәйт, кейбір жаратылыс зерттеушілері өздеріне ғылыммен жалғыз олар айналысып жүрген жоқ дегенді айтса, оны өзін қорлағандай көреді. Тек жаратылыс-ғылыми ойлаудың жеке-дара өзі ғана табиғат зерттеушілерге олардың жұмысының жоғары мағынасын сезінуге, сол арқылы еңбексүйгіштік пен жігерленуіне бастайды дегенді айрықша заңдылық деудің өзі соншалықты дұрыс пікір емес.

«Саған жақсы ғой, сенің ата-бабаларың бар», - қазіргі заманғы табиғат зерттеушілеріне осыны бұрынғының көзқарасына орай айтар едік. Ол, неғұрлым жалпы және негізгі ұғымдар тұрғысынан, оның ата-бабалары жинаған капиталдан тиетін үлес есебінен өмір сүреді. Олардың рухани қазыналарынан уақыт көшіне орай көбі «өзінен өзі түсінікті» болып алды, оның шығу тегін оның байланыстарының түп-тамырын іздестірудің де қажеті жоқ десе болады. Оларды тіпті иеленбей-ақ меңгеруге болады. Егер биологиялық ғылымдардың кейбір салаларына мән берсек, олардағы жаратылыс-ғылыми мағынаның түсініксіз санасы дамудың бастапқы толықтай тарихи принципін көптеген шатысушылыққа апарып соқтырды және олардағы организм ұғымымен байланысты мақсат ұғымы барынша күмәнді метафизикалық құрылымдарға соқтырады, біз осы орайда жаратылыстану ғылымдары берік дәстүрі игіліктерін пайдаланады, демек олар ең алдымен жалпы ортақ мақсатты көздейді, оған жетуде әр сила өзінің үлесін ұсынады, және бүл оларға тұтастық иен байланысты білдіреді. Сондықтан олар бірігіп әрекет етеді, осы арқылы олар, соңғы кездегі қол жеткізген керемет жетістіктерін, әсіресе өздерін ұлы бабаларының лайықты немерелері ретінде танытқан материяның жалпы теориясындағы жетістіктерін айтпағанның өзінде, мұны мақтаныш етеді.

Ешкім де мәдениет туралы сондай ғылымдар туралы қуаттай алмайды. Оның соңғылары едәуір жас және сондықтан аяқталғаны аз. XIX ғасырда ғана олар үлкен өрлеу жолына түсті. Жекелеген салалар шегінде ғалымдар мұнда зор сеніммен жұмыс істеуде, бірақ олар осы арқылы оларға үлгі болып келе жатқан және оларға зерттеуге мүмкіндік беретін сол немесе басқа данышпан зерттеуші алдында өте-мөте қарыздар. Оларда қазіргі жаратылыстанудың негізін салушыларға соншалықты мол жемістер әкелген әдістемелік зерттеулерге деген бейімділігі жоқ. Ал егер оларда өзінің дербес қызметінің мәнін неғұрлым терең зерттеу кездесетін болса, мәселен, Герман Паульдің мейілінше тағылымды тіл біліміне арналған1, Карл Менгердің саяси экономияға арналғанжәне соңғы кездегі Макс Вебереңбектері, онда бүл зерттеулер жеке дараланған екендігін айту керек әрі олар жекелеген салалармен шектеледі. Және мұның өзі кездейсоқ нәрсе де емес, мұның бәрі ғылыми тәжірибеде жиі кездесетін әдістер, логикалық жағынан бір-бірінен соншалықты алшақ жатыр: оларды логикалық мәселелер өзінен өзі туындайды. Сонымен қалай болғанда да мәдениет туралы неғұрлым ауқымды философиялық негізделген, әлі күнге жаратылыстанудағы қол жеткен дәрежеге тіпті жақын келетін ғылым әлі күнге жоқ.

Рас, философияда мәдениет туралы ғылымдармен жұмыс істейтін, олардың мотивтерін қабылдайтын және ол арға кері эсер ету қабілеттігін иеленетін, осы бағытта бұрын басталған көп мәселені көрсетуге болады. Кант бастапқы кезде натуралистік дүниетанымды бұзушы ретінде, тіпті жаратылыстанудың гносеологиялық негізін қалаушы ретінде әрекет етті. Оның ықпалымен пайда болған кейбір антинатуралистік ағымдар біржақты бола тұрса да, жаратылыс ғылымдарына және олардың мағынасына қатысты, сол сәтте түсінбестік болғанымен, мызғымайтын база оларға өздерінің ұстазы арқылы берілді, Канттың кейбір ізбасарлары "идеалистік" және антинатуралистік философияның кейіннен қайсыбір артықшылығын жоғалтуына эсерін тигізсе де, олар медальдің артқы бетін шұғыл көрсете отырып, осы арқылы өте зор ықпал еткенін теріске шығаруға болмайды. Белгілі мағынада неміс идеализмінің философтары мәдениет туралы ғылымдарға негізгі ұғымды берді деп айтуға болады. Әсіресе тарихи өмірді өзінің дүниеге көзқарасы негізіне саналы түрде жатқызған Гегель жаратылыстануда ештеңе түсінбеуімен ғана керемет емес; және неміс идеализмнің философиясына кең ауқымда қызығушылықтың өрістеуіне орай біздің уақытымызда "даму" сөзі үлкен рөл атқарады деп үміттенетін болсақ, онда тағы да дамудың ұлы идеалистік философынан талай нәрсе үйренуге тура келеді (Entwicklungsphilosoph)4

Гегельдің жүйесін сол күйінде қабылдай салуға болмайды. Қазіргі кезде гегельдік философияның гальвинизацияланған таңбаларынан тіпті сақтанған жон. Ал сонымен қатар бұрынғы өткен кезеңнің басқа да бағалы талпыныстары мәдениет туралы ғылымдарға олардың міндеттерін айқындау мен түсіндіріп беруде көмектесе қоюы да екіталай. XIX ғасырдың ортасында біздің рухани өміріміздің тарихындағы ғасырлық дәстүр қалыптасты, і .и іс қазіргі кезде неміс философиясының тарихи өмірді түсіну үшін қажетті бірқатар маңызды элементтері ұмыт қалды. Тіпті Гегельдің категориялары пайдаланатын жерлердің өзінде олардың мәні мен рөлін жете ұғыну жетіспейді. Мысалы, қазіргі кезде мәдениет туралы Ғылымдарда "даму" жөнінде айтылғанда, онда ең алдымен өзінің арнайы саласында көрнекті қайраткер екендігіне шек келтірмейтін, бірақ философияда басқаша бағаланатын ғалым ойға оралады; дарвинизмде тарихтың жаңа" философиясы толық күйінде көлденең тартылады және осындай ұғымдарды шатыстыру салдарынан мәдениет туралы ғылымдарда жаратылыс-ғылыми әдіс апелляцияланады. Пәндердің бәрі бірдей осы мағынада бірдей деңгейде қозғалмаған, бірақ тарих ғылымында бұл сөзді тар мағынасында алғанда осы ғылымның жолдары мен мақсатына қатысты қызу пікірталасты көрдік. Ондай дау жалпы алғанда біздің философиялық дәстүрмен неғұрлым тығыз бірлікте болғанда пайда болуы мүмкін емес те еді.

Сондықтан оз проблемама жақындай түсу үшін мен бұл арада бұрын істелгенді қозғап жатқым келмейді, бірақ ғылымдарды болу туралы мәселеге қатысты неғұрлым кең тараған көзқарасты сынаудан бастап, мен содан кейін өзімнің таза жүйелі түрде баяндалған өз көзқарасыммен шектелмекшімін.

III. Негізгі қарама-қарсылықтар

Әдетте ғылымдар өзара олардың айналысатын пәндерімен, сондай-ақ олардың қолданылатын әдісімен ерекшеленсе, онда оларды бөлу материалдық та, формальдық та көзқарас тұрғысынан жүргізілуі тиіс. Сонда бүл екі бөлу принциптері бір-бірімен сәйкес келеді деуге бола қоймайды. Бірақ қазіргі кезде ғылымдардың екі елеулі айырмашылықтары бар топтары қабылданатын тұста соңғы ереже назарға алынбайды. Мәселен, философияда бөлу принципі ретінде барлық жерде табиғат пен рухты (Natur und Geist) әркез негізге алу дағдыға айналған, бүл орайда көп мағына білдіретін «табиғат» сөзі материалдықты (korperliche), pyx психикалық (seelische) болмысты білдіреді, рухани өмірдің мазмұнынан туындайтын ерекшеліктерімен бірге, заттылық дүниеге қарама-қарсылықта бола¬тын, екі әдістің формальды айырмашылығы келіп шығады, оларға рух туралы және табиғат туралы ғылымдар ілесуі тиіс. Сонымен нәтижесінде механикамен, осы неғұрлым жалпы әрі негізгі физикалық ғылыммен бірге оған сәйкес келетін жанның тіршілігі туралы жалпы ғылымды, яғни рух туралы негізгі ғылым ретінде психологияны қояды, және осыған сәйкес рух туралы ғылымдар саласында шешуші жетістіктер негізінен алғанда психологиялық әдісті қолданудан күтіледі. Осының негізінде тарихта қолданбалы психология жиі көрініс береді, бұл, расында, осы пәннің нағыз жай-күйімен сәйкес келмейді.

Егер жекелеген көзқарастар өзара детальдермен алшақтаса, онда философияда қазіргі кезде жалпы таныммен мынадай ой қолданылады, яғни ғылымдарды болу кезінде ең алдымен психикалық болмыстың айрықша сипатынан басталуы керек, және бұл, мәселен, тарихи жағынан өзіндік өткір пікірімен ерекшеленетін ойшыл Дильтейде п өзінен өзі түсіндірілетін болып есептеледі, әсіресе тарих ғылымдарын негіздеу үшін әлі күнге дейін қолданыстағы психологияның жарамсыздығы анық байқалады. Мұндай жағдайда болашақта тек болуы тиіс жаңа психологияның талабы ғана қойылады.

Философияда қарама-қарсылықтың басымдығына қатысты пікірлер арасында ғалым-эмпириктердің сананы бәрінен де айқын көрсетеді, «рух туралы ғылымдар» термин! жаратылыс емес-ғылыми пәндерді тым жұтаң сипаттайды, және мен табиғат пен рухтың қарама-қарсылығы тұрғысынан жасалынатын бөлуге тырысу шын мәнінде ғылымдардағы бар айырмашылықтарды түсіндіріп беруге шамасы келмейді деп ойлаймын. Алдын ала болжау мақсатында мен қысқаша формулада жоғарыдағы көзқарасқа ең алдымен өзімнің жеке көзқарасымды қарсы қоюға күш саламын.

Әрине, жаратылыс емес-ғылыми пәндер психикалық болмыспен басымдықпен айналысады және сондықтан «рух туралы ғылым» термині сөзсіз жалған болып табылмайды, бірақ және де бұл ғылымды баяндау үшін сол арқылы әлі де болса бөлудің басты белгісі табылған жоқ. Өйткені, психикалық ұғым көмегімен объектілердің материалдық ерекшелігіне сәйкес келетін және оған ғылымдардың бір бөлігінің өкілдері өзін басқа топтың өкілдеріне қарағанда бір-бірімен тығыз байланысты деп есептеуге әкеп тірейтін ғылыми мүдденің екі жеке түрінің принципті айырмашылығын түсіндіруге болмайды, оның үстіне толықтай жарамды, яғни формальды, екі әртүрлі әдістердің қарама-қарсылығын да көрсете алмайды. Жаңа кезеңде психология саласында философиямен қатар жаратылыстанушылар, тарихшылар және басқа да «рух туралы ғылымдардың» өкілдері коп жағдайда қазіргі психологиямен тіптен айналыспауы кездейсоқ нәрсе емес. Оның себептерінің түп-тамыры заттардың жаратылысында жатыр, және ондай реттілікті озгерту тек қиын ғана емес, сонымен қатар қажет те емес болуы мүмкін. «Рух туралы ғылымдар» деп аталатындардың ішінен кейбірі үшін психологияның маңызы, менің ойымша, қазіргі кезде тек психологтармен ғана емес, логикамен де дәріптеледі; қандай жағдай болсын, қазіргі бар әрі қуатты болады делінетін жан тіршілігі туралы жалпы ғылым жаратылыстану үшін ондай дәрежеде globus intellectualis басқа жарты бөлігіне, жаратылыстану үшін механика болып табылатынға, жетекшілік ете ал¬майды. Қазіргі кезде психологияда тарих ғылымдарына әдісті қолдану адастырушылыққа әкеп соқтыруы мүмкін деп айтуға болады, бүл тарихилықты баяндаудың орнын «әлеуметтік-психологиялық» теориялардың алып қойған жерінде жүзеге асты.

Бірақ мынадай жағдай маңыздырақ болып көрінеді, табиғат пен рухтың бір жай қарама-қарсылығы жекелеген ғылымдардың барлық әралуандығын түгелдей бөліп беруге шамасы жетпейді, өйткені, бүл жерде кездесетін мәселелер әдеттегіге қарағанда анағүрлым күрделі болып келеді. Менің пікірімше, әдіс туралы ілім табиғат пен рухтың орнына мынадай негізгі ұғымдарды шығаруы тиіс.

Ғылымдарды болу мақсатында объектілердің екі тобын табуға болмайды, бұлар өздерінің болмысын назарға ала отырып, бір-бірінен дененің жаннан ерекшеленетіні тәрізді ерекшеленуі тиіс, өйткені, бізге қол жетімді дүниеде формальды құрылыммен жаратылыстану тәрізді ерекшеленетін зерттеуден принципті түрде алынатыннан басқа ештеңе де емес. Бүл тұрғыдан алғанда, тек бір ғана ғылым болу мүмкіндігі әділетті, себебі тек бір ғана ақиқат бар. Ондағы ақиқатты тұтас алғанда, яғни барлық заттық (денелік) және рухани өмірдің жиынтығы ретінде, шын мәнінде бір тұтас, немесе «монистикалық» ретінде қарастырылуы мүмкін және солай болуы тиіс, егер осы модаға айналған терминді қолданатын болса, және тиісінше әрқайсысы өзінің бөлігінде бір және сол әдіспен әзірленеді. Бірақ олай болмаған жағдайда, онда ғылымдардың екі тобы, - заттық (денелік) құбылыстарды да зерттейтіндер, сондай-ақ жанның тіршілігін зерттейтіндер - бір-бірімен ортақ мүдделері арқылы тығыз байланыста болады.

Сондықтан объектілердің материалдық қарама-қарсылығы ғылымдарды бөлудің негізіне жатқызылғандықтан, сол себепті тұтас ақиқаттан біз үшін айрықша маңызы немесе маңыздылығы бар заттар мен құбылыстардың бірқатар мөлшері бөлініп шығады, біз соның салдарынан қарапайым табиғаттан басқа әлдебір нәрсені көреміз. Соған қатысты жаратылыс-ғылыми зерттеу, жалпы айтқанда, толықтай заңдылық, өздігінен жеткіліксіз болып табылады; біз оған қатысты бірқатар мүлдем басқа сауалдар қоя аламыз, бүл орайда бүл сауалдар «мәдениет» термині толықтай қамтитын басым объектілерге қатысты болады. Мәдени объектілердің айрықша мағынасына негізделген ғылымдарды табиғат туралы ғылымға және мәдениет туралы ғылымға болу ең алдымен екі лагерьге бөлінген ғалымдардың қарама-қарсы мүдделерін білдіреді, және сондықтан мұндай бөлінуді, меніңше, жаратылыстану ғылымдарына және рух туралы ғылымдарға дәстүрлі болумен алмастырған жөн.

Бірақ біз үшін мұның жалғыз өзі жеткіліксіз. Бөлудің материалдық принципіне формальдық келіп қосылуы тиіс; біз оның соңғысын ескере отырып, әдеттегі көзқарасымызда кездесетінмен салыстырғанда әлдеқайда күрделі ұғымды табамыз, ол сонымен қатар өзінің алдамшы қарапайымдылығымен «табиғат» сөзінің коп мәнділігіне жүгінеді. Мәдениет деп аталатын ақиқат бөлігінің қандайда бір материалдық ерекшелегенін әдістердің негізгі формальды қарама-қарсылығын, әрине, шығара қоюға болмайды, сондай-ақ оны табиғат пен рухтың қарама-қарсылығынан жасауға да болмайды, және біз сондықтан, жаратылыс-ғылыми әдіс туралы айтқандай, немесе психологиялық әдіс туралы атауға құқылы деп есептейтіндей, «мәдени-ғымлыми әдіс» туралы бірден айта алмаймыз. Бірақ біз тура осы арада «жаратылыс-ғылыми (naturwissenschaftlich) әдіс» айқындамасы, егер «табиғат» (Natur) сөзі онда заттық не¬месе физикалық дүниені білдірмесе, бірақ жоғарыда келтірген канттық тұжырымдарды, яғни логикалық немесе формальды мағыналарды иеленсе, егер, басқаша айтқанда, физикалық ғылым әдісін емес (korperwissenschaftliche Methode), сонда ғана мәнге ие болады, ал тек соңғысы ғана рухани-ғылыми немесе психологиялық әдіске қарама-қарсы қойылуы мүмкін. Заттың болмысы ретінде табиғаттың логикалық ұғымына қарама-қарсылық жалпы заңдармен айқындалатын болғандықтан таза логикалық ұғым болып белгіленуі мүмкін.Оның соңғысы,менің ойымша, бұл сөзді кең мағынасында алғанда тарихтың ұғымы, яғни оның барлық ерекшеліктері мен жеке-даралығындағы (индивидуальдығындағы) дара болмыстың ұғымы болып табылады. Біз сондықтан жаратылыс-ғылыми және тарихи әдістердің арасындағы айырмашылықтар туралы айтуымыз керек.

Сонымен формальдық көзқарас тұрғысынан бөлу материалдық бөлумен сәйкес келмейді, бүл рух туралы ғылым мен жаратылыстануға дәстүрлі бөлуде өзіндік орын алуы тиіс. Сондықтан табиғаттың тарихтан формальды ерекшелігі табиғат пен рухтың материалдық айырмашылығының орнын басуы туралы сөз болуы мүмкін емес, мұны біздің кейбір сыншыларымыз дұрыс түсінбеді. Бірақ екінші жағынан алғанда, мен бөлудің екі принципі де бір-бірімен үнемі байланыста екендігін көрсетуге мән беремін, себебі талқылау (Betrachtung) мәдениеттің барлық объектілері үшін бірдей қажет, және олардың тарихи әдіске сәйкес бейнеленуі (Darstellung) болады, демек бұл әдістің ұғымын мәдениет ұғымымен байланыстыра отырып ғана түсінеді. Әрине, жаратылыс-ғылыми әдіс сондай-ақ мәдениет саласында да қолданылады, және де мәдениет туралы тек тарих ғылымы бар деп тұжырым жасауға мүлдем болмайды. Және керісінше, табиғат туралы ғылымдарда тарихи әдіс туралы белгілі бір дәрежеде айтуға болады, соған орай соның салдарынан логика үшін аралық салалар пайда болады (Mittelgebiete), онда, бір жағынан, материалдық тұрғыдан мәдени-ғылыми, жаратылыс-ғылыми зерттеу әдісі бойынша, және екінші жағынан, табиғатқа қатыстылығының мазмұны бойынша, сондай-ақ тарихи зерттеу әдісі бойынша, бір-бірімен тығыз үйлесім табады. Бірақ бүл байланыс табиғат туралы ғылымдар мен мәдениет туралы ғылымдар арасындағы қарама-қарсылықты жойған байланыс түріне жатпайды. Керісінше, біздің ұғымдарымыздың көмегімен мәдениет туралы тарихи ғылымдарды жаратылыстану ұғымынан материалдық әрі формальды қатынастар ретінде аражігін айқын түрде ашып береді, біз сол арқылы эмпирикалық ғылымдардың басты қарама-қарсылығын таба аламыз, одан кейін бізге табиғат тіршілігін зерттеу кезінде, барлық өтпелі және аралық формаларға қарамастан, негізінен жаратылыс-ғылымы пайдаланылатындығын, мәдениет өмірін зерттеуде ең бастысы тарихи әдіс қолданатындығын көрсету қиындық келтірмейді.

Мен бұдан кейін табиғат пен мәдениеттің материалдық қарама-қарсылығын және жаратылыс-ғылыми және тарихи әдістердің формальды қарама-қарсылығын тереңдеп айтуға тырысамын, өйткені, бүл ғылымдарды дәстүрлі қалыптан ауытқи отырып бөлушілік ғылымдарды топтастыруға біздің ұмтылысымыздың заңдылығымен бірге осы ережелердің негізі айқын болуы үшін керек. Бұл орайда мен амалсыздан негізгі ерекшелікті схемалық тұрғыдан баяндаумен шектелетіндігімді және тек бұдан кейінгі қорытындыларды белгілей алатындығымды қайтадан еске сала кетпекшімін. Бұл очерк барлық ғылымды немесе тіпті барлық эмпирикалық жеке ғылымдарды қамтитын ғылымтанудың толық жүйесін бере алмақ емес.

IV. Табиғат және мәдениет

Логикалық проблеманың бірінші легінде тұрған қатаң жүйелік формальды әралуан әдістер туралы пайымдаудан яғни мәдениет туралы ұғымды тарихиғылым ұғымын түсіндіруге талпынудан бастау алуы тиіс сияқты. Бірақ жеке ғылымдар үшін бастапқы сәт пәндік ерекшеліктер болып табылады, және олай болатын себебі ғылымдарда еңбекті бөлісудің одан әрі дамуында табиғат пен мәдениеттің материалдық қарама-қарсылығымен айқындалады, ендеше мен пәндік қарама-қарсылықпен, арнайы зерттеудің мүддесінен алшақтамау үшін әзірге қажетті мәселеден бастамақшымын, ал содан кейін формальды әдістемелік ерекшеліктерді түсіндіруге кірісемін, содан соң ғана бөлудің формальды және материалдық принциптеріне арасындағы қатынастарды көрсетуге күш саламын.

«Табиғат» және «мәдениет» сөздері біртекті деуге келмейді, табиғат ұғымының ерекшелігі аталған жағдайда оған қарсы тұратын ұғым арқылы дәл айқындалуы мүмкін. Біз, егер «табиғат» деген сөздің бастапқы мағынасына бірден қоятын болсақ, онда бүл сөзді қолданудағы еркіндіктен алыстап кетеміз. Табиғаттың өнімдері - жерден еркін түрде өсіп шығатын өнімдер. Мәдениет өнімі дегеніміз адам алдымен жерді жыртып, тұқым сеуіп өсірген егістік алаңынан алынған өнім болып табылды. Демек, табиғат деген өздігінен пайда болған, өздігінен туындаған және өз бетінше өскеннің бәрінің жиынтығы болып табылады. Бүл тұрғыдан алғанда, табиғаттағы қарама-қарсылық тікелей адамның қолымен жасалған, оның мақсаттарына сәйкес пайда болған мәдениет болып табылады, егер ол одан бұрын болған күнде, оның құндылықтары саналы түрде қалыптастырылған болып шығады.

Біз осынау қарама-қарсылықты қаншалықты кең ауқымда түсінсек те оның мәні өзгеріссіз қалады: мәдениеттің барлық құбылыстарынан біз әрқашанда адам таныған әлде бір құндылықтың іске асырылуын көреміз, сол үшін де бүл құбылыстар немесе жасалған болып шығады, немесе, егер олар одан бұрын болған болса, адам арқылы пайда болған; және керісінше, өздігінен оз бетімен өскен, құндылықтардан тыс қарастырылуы мүмкін нәрсе, ал ол өзі шын мәнінде солай қарастырылуы тиіс болса, онда оның табиғаттың өзі болып шыққаны деп түсіну керек. Мәдениет объектілерінде демек құндылық бар. Біз сондықтан да оларды игіліктер (Guter) деп атаймыз, болмыстың құндылық бөлігі ретінде болмыс болуға жатпайтын құндылықтардан оны осылай ажыратамыз. Табиғаттың құбылыстары игілік ретінде пайымдалмайды, ол құндылықтармен байланыстан тыс, және егер сол себепті мәдениет объектісінен кез келген құндылықты алып тастаса, онда ол да тура сол сияқты жай табиғаттың бөлігіне айналады. Осындай не болатын, не болмайтын құндылықтарға қатынастар нәтижесінде біз объектілерді екі түрге батыл бөле аламыз және бұлай істеуге де құқылымыз, мәдениеттің кез келген құбылысы, ондағы орныққан құндылықты есепке алмасақ, табиғатпен байланыста болатын ретінде қарастырылуы тиіс, яғни ол табиғаттың құрамдас бөлігі ретінде болуы керек.

Болмыстың мәдениет объектісіне айналатын бөлігінің және оларды сол арқылы табиғаттан бөлетін құндылық түріне келетін болсақ, онда біз мына төмендегілерді айтуымыз керек. Құндылықтар туралы олар болады немесе болмайды деп айту жон емес, ал олардың мағынасы (gelten) бар немесе мағынасы жоқ па, әңгіме сонда. Мәдени құндылықтың іс жүзінде ортақ маңызы танылады, немесе оның маңызы, объектілердің таза индивидуалды мәніне қарағанда, ол өзі онымен байланысты болғанда, ең кем дегенде бір мәдениетті адамға таңылады. Бүл орайда, егер мәдениет деген сөзді ең жоғарғы мағынасында алып қарасақ, әңгіме бұл арада жай ғана тілектің объектілері туралы емес (Begehren), мәселе игіліктерге қатысты, оларды бағалауда немесе олармен жұмыста біз өзімізді біз өмір суретін қоғамның мүдделеріне аз немесе көп дәрежеде, немесе басқа бір негіз бойынша, өнегелілік міндетті санаймыз. Сол арқылы біз мәдениет объектілерін инстинктивті (triebartig) бағалау және қалау арқылы, игілік құндылығы барын, бөліп аламыз, бұл егер тек жалғыз инстинкт негізінде ғана болмаған кезде, көңіл-күй ауанымен жүзеге асады.

Табиғат пен мәдениеттің осы қарама-қарсылығын көрсету қиын емес, өйткені, мәселе объектілердің екі тобының ерекшеліктеріне байланысты, бұл шын мәнінде ғылымдарды бөлу негізінде жатыр. Дін, шіркеу, құқық, мемлекет, өнегелілік, ғылым, тіл, әдебиет, өнер, шаруашылық, сондай-ақ оның болуы үшін қажетті техникалық құралдар, өзінің белгілі даму сатысының жағдайында, мәдениеттің объектілері немесе мәдениет игіліктері болып табылады, демек онымен байланысты құндылықты қоғамның барлық мүшелері мойындайды, немесе оны тануға бетбұрыс болады; сондықтан біз мәдениет туралы түсінігімізді кеңейте отырып, мәдениеттің бастапқы сатыларын және оның құлдырау кезеңін білу керек, сонымен қатар мәдениетке қолайлы жағдай жасайтын немесе оған кедергі келтіретін құбылыстардың дін, заң, тарих, филология, саяси экономия туралы ғылымдардың және т.б. «рух туралы ғылымдардың» бәрі, психологиядан басқа, барлық объектілерін қамтиды.

Біздің мәдениетке ауыл шаруашылығы өндірісінің құралдарын, сондай-ақ химиялық қосалқы құралдарды жатқызуымыздың өзі, сайып келгенде, мәдениет туралы біздің ұғымымызға қарсы, әрине, дәйек бола алмайды, Вундттіңпікіріне тоқтала кеткен жон, ол, керісінше, бүл «рух туралы ғылымдар» деген терминге қарағанда, жаратылыс емес-ғылыми пәндерге неғұрлым жақсы келеді деп есептейді. Рас, техникалық өнертапқыштықтар әдетте жаратылыстану ғылымы арқылы жасалады, бірақ олардың өздері жаратылыс-ғылыми зерттеу объектілеріне жатпайды; сондай-ақ оларды рух туралы ғылымдар қатарына да қоюға болмайды. Тек мәдениет туралы ғылымда оларды дамыту оз орнын таба алады.

Әрине, кейбір пәндер, айталық, география мен этнография қай ғылымға жататындығына күмән келтіруге болады, бірақ бұл мәселенің шешімін табуы олардың өз пәндеріне қарау тұрғысынан мүмкін болады, яғни олар ондай пәндерді таза табиғат ретінде қарастыра ма, әлде оған мәдени өмір тұрғысынан қарай ма, мәселе соған байланысты. Жердің беті табиғаттың таза өнімі, ол кез келген мәдени дамудың аренасы, таза жаратылыс-ғылымилықтан басқа да мүдде орын алады; және жабайы халықтар бір жағынан алып қарағанда, «табиғи адамдар» (Naturvolker) ретінде қарастырылады, ал екінші жағынан алғанда, оларды мәдениеттің «ұрығын» қаншалықты қамтығаны тұрғысынан зерттеуге болады. Осы екі ұдайылықтың өзі мәселенің табиғат пен рухтың айырмашылығында емес екендігін көрсетеді, біз сондықтан жеке жаратылыс емес-ғылыми пәндерді сол сөздің жоғарыда аталған мәнінде мәдениет туралы ғылымдар деп батыл түрде айтуға құқылымыз.

Бірақ бүл соз көбінесе басқа мағынада да қолданылады; сондықтан біздің түсінігімізді оған ұқсас ұғымдардан ажырата білуіміз керек, онда «мәдениет» сөзі өте кең ауқымды иеленеді, не өте тар саланы қамтиды. Бүл орайда мен бірнеше мысалдар келтірумен шектелсем деймін.

Мен мәдениет туралы ғылымға айқындама жасалған тұжырымдамалардың ішінен Паульдіңмәліметіне сүйенемін. Оның қысқа салыстырмалы талдау тұрғысынан жасалған көзқарасы көңілге қонады, Пауль өзінің дәлелді зерттеулерімен «рух туралы ғылымдар» терминін «мәдениет туралы ғылымдар» терминіне ауыстыруға ықпал етіп ғана қойған жоқ, сонымен қатар ол жаңа дәуірдегі заңдылық (Gesetzeswissenschaft) және тарихи ғылымдар арасындағы іргелі логикалық айырмашылықты көрсеткендердің бірі болып табылады, бүл айырмашылық біздің назарымызды келешекте де аударатын болады. Бірақ, соған қарамастан, Пауль «психикалық факторлардың жаттығуында» «мәдениеттің өзіне тән белгісін» байқайды. Оған бүл тіпті «аталған саланың таза жаратылыс объектілерінен мүмкін болатын нақты шектеу» болып көрінеді, өйткені, ол үшін «психикалық элемент... кез келген мәдени дамудың маңызды факторы болып табылады», оның айналасында бәрі айналады», ал психология «мәдениет туралы барлық ғылымдардың осы сөздің жоғары мағынасында алғанда басты базасын» айналады. Ол «рух туралы ғылымдар» терминінен мынадай себептен бас тартады, «біз тарихи дамудың саласына қалай енетін болсақ... біз психикалық күштермен қатар, сондай-ақ физикалық күштермен де байланысқа түсеміз». Бұған қарағанда, психикалық өздігінен пайда болады, ол рух туралы таза ғылымның объектісі, бірақ физикалық және психикалық болмыстан тұратын барлық ақиқат мәдениет туралы ғылымдарға жатады.

Осы пайымдауда мәдениет туралы ғылымдарды тек бір ғана рухани үдерістерді зерттеумен шектеліп қалуға болмайтындығы даусыз нәрсе, сондықтан «рух туралы ғылымдардың» осы тұрғыдан алғанда аясы тарлық етеді. Бірақ мәдениет туралы ғылымдар жалпы алғанда психология жүзеге асыратындай, психикалық болмыстан бөліну құқығын иелене ме, және психология түзетін психикалық ұғыммен мәдениет туралы қолданылатын шын мәніндегі руханилық ұғым сәйкес келе ме, міне, осы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді. Дейтұрғанмен, осы мәселені қоя тұрып, мен Паульдің мәдениет туралы ғылымнан жаратылыстануды «дәлме-дәл» қалай бөліп алғысы келетіндігін түсіне алмай қойдым. Ол өзінің анықтамасына сәйкес тіпті жануар (tierisch) мәдениетін тану керек деген қорытынды жасайды, бірақ жануар тіршілігі рухани үдерістерді қарастыру кезінде мәдениет туралы ғылымдарға сөзсіз жататындығын дәлелдей алмайды. Оның соңғысы біз оны жалпы алғанда адамның рухани өмірінің алдыңғы сатысы ретінде емес, менің жоғарыда айтқан тұжырымымдағы көрсетілген адамның мәдени өміріне қатысты саты ретінде қарастырғанда ғана мүмкін болады. Осы қатынас мәдени құндылықтардан бөлінгенде, біз тек табиғатпен ғана қаламыз, және «бірден бір мүмкін болатын дәл шектелу» саласы бүл арада мүлдем қауқарсыз болып қалады.

Паульдің өзі implicite*******, жануарлар тіршілігінен мәдениет туралы мысал ретінде жануарлардағы көркемдік инстинкт және қоғамдық ұйымдастыруының даму тарихын келтіргенде, мұнымен келіседі, өйткені, жануарлардың көркемдік инстинкттері және қоғамдық ұйымдастырылуы туралы айтқаны, егер адамзат мәдениетімен балама бойынша тұтастай қарастырылатын күшті құбылыстар туралы әңгіме болған жағдайда, өзіндік мәнге ие болады; бірақ онда олар менің ойымша мәдени үдерістер де болады. Жануарлардың тіршілігіне қатысты мұндай көзқарас бірден бір дұрыс деп есептеледі; сонымен қатар адамзат мәдениетінің ұғымдарын жануарлар қоғамына апарып қою көп жағдайда өрескелдік, тіпті шатыстыратын балама болып табылады. «Мемлекет» деген сөзді Герман империясы мен араның ұясына қатар қолдануға болар ма еді, не Микеланджело жасаған Медичи табыты мен қараторғайдың әні салыстыруға келе ме? Қалай десек те, Паульдің айқындамасы психикалық жай-күй оның елеулі белгісі болуы тиіс, ол мәдениетті табиғаттан бөліп тастауға шамасы келмейді деген тұжырымнан туындаған, және одан әрі пайымдау ол үшін мұндай айқындаманың жеткіліксіз екендігін көрсетеді.

Бірақ әрі қарай талдап жатқым келмейді. Мен Паульдің мысалы арқылы игілікті ақиқаттан бөлінген, құндылықтан еркін құндылық тұрғысынан емес көрсеткім келеді, табиғат пен мәдениетті күрт бөліп тастауға болмайды, мен енді мәдениет ұғымын айқындау кезінде құндылық орнына руханилық ұғымы неге тез кірігіп кететіндігін тағы да түсіндіргім келеді.

Шын мәнінде, мәдениет құбылыстары тек құндылыққа қатысты ғана қарастырылмауы тиіс, сонымен қатар ол олардың психикалық мәніне қатысты бағалауды да қамтуы тиіс, сондықтан құндылықтар тек психикалық нәрсе деп бағаланады, - соған байланысты жалпы алғанда денелікке қарағанда психикалық жай-күй неғұрлым бағалы ретінде қарастырылады. Демек шын мәнінде, бір жағынан алғанда, табиғат пен мәдениет қарама-қарсылығы арасында, екінші жағынан, табиғат пен рух арасында байланыс бар. Өйткені, игілікті білдіретін мәдениет құбылыстарында әрқашанда баға қатар жүруі тиіс, міне, сондықтан онымен бірге рухани өмір де болады. Дейтұрғанмен бұл дұрыс болғанның өзінде, табиғат пен рухтың қарама-қарсылығына негізделген түрде ғылымдарды бөліп тастауға болмайды, өйткені, психикалық жай болуының өзі (өмірдің өзі табиғат ретінде қарастырылады) мәдениет объектісін әлі құра қоймайды, және сондықтан мәдениет ұғымын айқындау үшін пайдалануға келмейді. Оның соңғысы, егер психикалық ұғымда кез келген бағаның қажетті алғышарты ретінде әрқашанда құндылықтың өзінің ұғымы болады және бүл орайда ортақ мәнді құндылық ретінде көрінеді. Шын мәнінде ол солай болуы әбден мүмкін, бұл біздің бөлуді теріске шығаруымызбен түсіндіріледі. Бірақ рухты ортақ мәнді құндылықтың бағасымен теңдестіруге жол берілмейді, өйткені, рух дегеннің өзі психикалық жай-күйді білдіреді. Керісінше, рухани болмыспен, немесе психикалық актілермен арадағы бағалар, бір жағынан, құндылықтардың өзімен және екінші жағынан, олардың мәнімен арада күрт логикалық бөлуді жүзеге асыру керек, бұл игіліктер " мен ондағы орныққан құндылықтар арасындағы тәрізді болады, сондай-ақ «рухани құндылықтарда» тартылыс орталығы руханилықта емес, құндылықтарда жатырғанын өзіміз ұғынуымыз керек. Мәдениетті табиғаттан бөліп қарау үшін психикалықты одан әрі қолданудың қажеті шамалы болып қалады. Тек баға ретінде ғана ол мәдениетпен (байланысты, бірақ баға бола отырып, ол әлі де ақиқат болмысты мәдени игілікке айналдыратын құндылықпен сәйкес келе қоймайды.

Тіпті қысқаша тұжырымдасам, мен мәдениет ұғымын шектейтін айқындамалар жалпыға ортақ бағаланатын объектілердің тар ұғымдағы саласына қатысты. Мен бұл арада оларға ерекше мән беремін, өйткені, солардың кейбірінің арқасында, «мәдениет» сөзі көбі үшін фатальды жанама мағына береді, онда «мәдениет туралы ғылымдар» терминіне теріс көзқарас түсіндіріледі. Осы орайда мен «мәдениет үшін күрес» тәрізді («Kulturkampf»)******* және ғылыммен ортақ ештеңесі жоқ ретіндегі «этикалық мәдениет» тәрізді теңеулерді айтып отырмын, кейбіреулердің «мәдениет» тек бұқаралық қозғалыс деп түсінетіндер немесе «өнегесіздік» ретіндегі өткен уақыттың соғысын есепке алмайтындар тарапынан тілді қолданудан мәдениетке «мәдениет» сөзінің өзін қолданудан бас тарту қажет де ойламаймын. Мен қайта бұл арада бұқараға түсініксіз, бірақ кеңінен таралған «мәдениет тарихы» ұғымына назар аударғым келеді. Ғылымды екі топқа бөлу үшін, біздің мәдениет ұғымымыз, әрине, Дитрих Шефержәне Готейнніңшығармаларындағы ерекше қызғылықты түрде көрсетілген саяси тарихтың «мәдениет тарихына» қарама-қарсылығы ретінде қарама-қарсылықтардан мүлдем тәуелсіз болуы шарт. Бір жағынан, біздің айқындамамызға сәйкес, мемлекет халық шаруашылығы немесе өнерге ұқсас мәдени игілікті білдіреді, және бұл орайда ешкімде өз бетінше терминологияны қарастыра алмайды. Екінші жағынан, мәдени өмірді мемлекеттік өмірмен апелляциясыз теңдестіруге болмайды. Өйткені, қанша дұрыс десекте, осы ерекшелікті Шефер көрсетіп берді, яғни барлық жоғары мәдениет тек мемлекетте ғана дамиды және себебі тарихи зерттеу бола алады және мемлекеттік өмірді бірінші кезекке қоюға құқылы, - көп мәселе, мысалы, тіл, өнер және ғылым, өзінің дамуында мемлекетке мүлдем тәуелді емес; оған дін туралы мысал келтіруге болады, барлық мәдени игіліктерді мемлекеттік өмірге бағындыру мүмкін емес және соған сәйкес барлық мәдени құндылықтар саяси өмірге қатысты солай болады.

Сонымен, мәдениет ұғымын жалпыға ортақ тілмен толық сәйкес келетінін қолдаймыз, яғни ортақ мәнді құндылықтармен және осы құндылықтарды игерумен байланысты объектілердің жиынтығы мәдениет дегенді білдіреді, бұл орайда оған ешқандай неғұрлым дәл материалдық айқындама берілмейді, және бізге ғылымдарды екі топқа болу кезінде бұл ұғымның одан әрі қаншалықты пайдалы екендігін қарастыратын боламыз.

Түсініктемелер

* Адамзат білімінің әлемі (лат.)

** Қараңыз: Кант И. Критики чистого разума.// Кант И.Соч. в 6-ти т. T З.М., 1964. С.89, 278-279.

*** К. Менгер еңбегінің толық атауы: «Untersuchungen uber die Methode der Sozialwissensehaften und der Politischen Oekonomie insbesondere» (орыс тіліндегі аудармасы: Исследования о методе социальных наук и политической экономии в особенности. СПб., 1894.).

**** Орыс тіліндегі аударма: Риккерт Г. Границы естественнонаучного образования понятий. Логическое введение в исторические науки. СПб., 1998.

***** Орыс тіліндегі аударма: Философия истории (қараңыз: Риккерт Г. Науки о природе и науки о культуре. М., 1998. С.129-204).

****** Орыс тіліндегі аударма: Вундт В. Введение в философию. М.,1998.

******* Тікелей емес (лат.).

******** Оңтүстік Германияда католиктік шіркеудің ұстанымын әлсірету үшін XIX ғасырдың 70-жылдарында бірінші германдық рейхканцлер О.Бисмарк жүргізген науқан осылай деп аталды.

Риккерт Г. Науки о природе и науки о культуре

//Науки о природе и науки о культуре.

М.: Республика, 1998. С. 45-59

author

Генрих Риккерт

ФИЛОСОФ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...