Көктем маусымы – біздің жаққа көкек балапандап Көксеркенің шалғайына Күн қанаты жайылғанда же...
Таным, диалектика, риторика, өнер жəне эротика
Танымның қайнар көздері
Осы уақытқа дейін біз интеллигибельді əлем, оның құрылымы жəне оның сезімдік əлемдегі көрінісі туралы сөз еттік. Енді адамның мінсіз əлемге қалай жақындай алатындығын анықтау ғана қалды.
Таным мəселесі алдыңғы философтар тарапынан азды-көпті талқыға салынған болатын. Платон – таным мəселесін интеллигибельді түсінікпен барынша ап-анық байланыстырған алғашқы философ. Алайда, оның шешімдері көбіне апорийлік сипатта болды.
Мұндай алғашқы əрекетті біз «Менон» диалогынан табамыз. Бұл диалогта эристер зерттеу жəне тануды мүмкін емес нəрсеге шығарып, мəселені бұғаулап тастау үшін тəкаппар айланы ойлап табады. Шынында да, əлі табылмаған, анықталмаған нəрсені қалайша іздеуге, зерттеуге болады. Егер біз бір нəрсені тапсақ, онда ол белгілі нəрсе болғаны емес пе; жəне егер ізделініп жатқан зат табылса, егер оны таным мен салыстырудың тиімді құралдарымен түсіндірмесек, онда ол қалайша танылады?
Осы апорийді түсіндіру үшін Платон жоғары деңгейдегі ақылды шешімге келеді: таным – ол «анамнез», яғни «еске алудың» белгілі бір формасы, біздің жанымыздың тереңінде ғасырлар бойы орналасқан нəрсенің реактивациясы.
«Менон» диалогында мəселені шешудің екі жолы көрсетілген – мифтік жəне диалектикалық. Платон ниетінің бұрмалануына жол бермеу үшін осылардың екеуін де қарастыру қажет.
Біріншісі, мəселенің мифтік-діни тұрғыдағы түсіндірмесі орфиктік-пифагорлық мотивтарға негізделген, онда жан өлмейді жəне көп рет қайта дүниеге келеді делінеді. Жан барлығын көреді, сол үшін барлық шындықты біледі, ол осы əлемдегі жəне арғы əлемдегі шындықты да көрген. Егер осылай болса, дейді Платон, жанның барлық нəрсені танитыны жəне түсінетініне шүбə келтіруге болмайды, онда жан өзінің мəні болып табылатын шындықты өзінен алады. Осылай шындықты өзінен өзі алуды «еске алу», «анамнез» деп атайды.
«Менонда» сонымен қатар, барлық бөліктер кері ретпен айналдырылған: қорытынды болып есептелінетін зат философиялық интерпретацияға эксперименттік тексеруге берілген факт ретінде түсті. Ол, негізінен, мифологиялық алғышарт болатын. Яғни, Платон мифологиялық экспозицияны «маевтикалық экспериментпен» толықтыруды маңызды деп тапқан. Ол геометриядан хабары жоқ құлына сұрақ қоя отырып, оны сократтық əдісті қолдана отырып Пифагор теоремаларының бірінің шешімін табуға алып келді. Құлға геометрия үйретілмегеннен кейін, дейді Платон, ешкімнің тарапынан шешім де айтылған жоқ, олардың өздері ізденіп тапқан білімі – олардың төккен тері, яғни білімнің көзі – еске алу қабілеті бар жан болып табылады. Мифке мүлдем жақындығы жоқ дəлелдің негізінде құлдың да басқа адамдар секілді өзінен ешкім білмейтін, үйретпеген шындықты ала алатыны анықталды.
Жаннан шындықты шығарып, оны жетілдірудің шарты – жүректе шынайылық сезімінің болуы. Сондықтан да, анамнез доктринасы орфиктік-пифагорлық метемпсихоз теориясының салдары болып қана қоймай, сократтық майевтиканың шынайы мүмкіндіктерінде куəлік болып табылады.
Бұл теорияның математикалық танымдарды қайта өңдеудің негізіндегі жəне бір дəлелін біз «Федон» диалогынан табамыз. Біз сезімдердің көмегімен түзу, үлкен, кіші, төртбұрыш, домалақ жəне т.б. заттардың болуын анықтаймыз. Алайда, мұқият зерттеген кезде, эксперимент кезінде қолданылатын мəліметтер біздің санамыздағы түсініктермен салыстырғанда, сəйкес келмейтінін байқаймыз. Біз сезетін заттардың ешқайсысы тұп-тура квадрат немесе дөңгелек болмайды, бұған қарап біз дəлме-дəл дөңгелек, квадрат немесе түзу фигура жоқ деген ойға келмейміз. Дəлелденген мəліметтер мен біздің түсінігіміздегі ұғымдардың арасында əлдебір саңылау бар деген сөз, яғни кейінгілері алдыңғыларына қарағанда көбірек мəліметке ие. Сонда бұл оң өлшем қайдан алынды? Егер оны құрылымдық жағынан сезім арқылы таба алмасақ, онда оның бастауы біздің ішімізде. Мұндай артықшылық ойлайтын субъектінің туындысы емес, ол оны ең соңында табады, абсолютті жəне тəуелсіз болатын артықшылық субъектіге объективті түрде жіберіледі. Сонымен, сезімдер жетіліп піспеген білімдерді тудырады, алайда біздің ақыл-ойымыз оны жасырып, бұл білімдерден алшақтайды, яғни өз тереңіне бата береді. Ал біздің ақылымыз оларды тудырмайды, сол себепті ақыл бұларды еске түсіру арқылы табады.
Платон осыған ұқсас негіздемені эстетикалық жəне этикалық түсініктерге (əдемі, шынайы, қайырымды, салауатты жəне т.б.) де береді. Бұл түсініктерді біздің жанымыздың таза қайнар бұлағынан шығатын ұғымдар, таза түсініктерді беретін бейнелер, жалпы əлемнің идеал көрінісі ретінде түсіндіреді, олардың метафизикасы «Федрде», сəл кейін «Тимейде» жазылды.
Ғалымдардан бірі Платон реминисценциясында «априори» түсінігінің алғашқы батыстық аналогын көрген. Бұл термин, платондық болмаса да, оның тарапынан қолданылған болуы мүмкін, алайда кантиандық-субъективистік мағынада емес, объективистік мағынада. Идеялар əлемі – абсолюттік объективті шындық, ол анамнездің көмегімен ақыл-ой затына айналады. Интеллект идеяны тəжірибесізақ жинақтайды жəне саралайды, алайда тудырмайды, бұл жағдайда батыс философиясында «априорлықтың» ашылуы туралы айту орынды. Яғни, бұл адамда тəжірибенің қатысынсыз-ақ білімнің таза формалары болатындығын білдіреді.
Таным сатылары: пікір жəне ғылым
Анамнез түсінігі танымның мүмкіндіктерін немесе шығу көздерін түсіндіреді, оған кепілдеме біздің жүрегіміздегі шындыққа деген интуиция. Платон өзінің «Мемлекет» жəне басқа да диалектикалық диалогтарында таным сатылары мен оның арнайы тəсілдерін көрсетеді.
Платон «Мемлекет» атты еңбегінде танымның болмысқа пропорционалды екендігін теріске шығарады, болмыс барынша жоғарғы дəрежеде танылады; ғайыптың мүлдем тануға келмейтіні ақиқат. Алайда, болмыс пен ғайыптың арасында шынайылық бар, яғни сезімдік орта болмыс пен ғайыптың қоспасы (сондықтан да ол – қалыптасу нысаны) болғандықтан, ғылым мен надандықтың арасында да аралық таным бар: білімнің мұндай аралық формасын "doxa", «докса» яғни пікір деп атайды.
Платонның ойынша, пікір барлық уақытта алдамшы болады. Кейде, ол шынайы жəне пайдалы болуы да мүмкін, алайда ешқашан нақты болып табылмайды, тұрақсыз болып қалады, себебі пікір қалыптасатын əлемнің өзі тұрақсыз болып табылады. Оған тұрақтылық беру үшін «себепті негіздеме» қажет деп жазады Платон «Менон» диалогында. Яғни, пікірдің себебін анықтау арқылы белгілеу керек, сонда ғана пікір ғылымға немесе «эпистемаға» айналады.
Платон пікірдің (doxa) де, ғылымның (episteme) да өзгешеліктерін анықтайды, пікір жай ғана ой (eikasia) жəне сенім (pistis) болып бөлінеді, ал ғылым жанама (dianoia) жəне таза (noesis) даналық болып ажыратылады. Таным сатылары мен формаларының əрқайсысы болмыс пен шынайылықтың формаларымен арақатынастық орнатады. Сезімдік болмыстың екі сатысына eikasia жəне pistis сəйкес келеді, біріншісі – заттардың көлеңкелері мен бейнелері болса, екіншісі – заттардың өзі; dianoia жəне noesis – зиялылықтың екі сатысы, алғашқысы - математикалық-геометриялық танымдар, екіншісі – идеялардың таза диалектикасы. Математикалық-геометриялық таным – медиум, себебі визуалдық элементтер (мысалы үшін, фигуралар) мен гипотезаларды қолданады, "ноэзис" дегеніміз жоғарғы жəне абсолютті бастама, оған барлығы тəуелді, ол Қайырымдылық Идеясына алып келетін Идеяларды ұстап тұратын таза пайым болып табылады.
Диалектика
Күнделікті жағдайда адамдар пікірлерге сене отырып, танымның алғашқы екі формасына қанағаттанады; математиктер дианойяға көтеріледі, тек философтар ғана жоғарғы ғылымға, ноэтикалық білімге қол жеткізеді. Ақыл-ой мен қызықсыз пайымда сезімдік болмысқа қатысты барлық əсерлерді қалдыра отырып, дискурс жəне интуитивтік толғаныс үдерісінде таза идеялар жинақталады, ал олардың позитивті 134 жəне негативті тараптары, идеялардың қосылу жəне алыну байланыстары қазірше шыңына жетпейді. Осындай шыңына жету үдерісін «диалектика» деп атайды, ал философ дегеніміз «диалектик» дегенді білдіреді.
Сонымен, жоғарыға көтерілуші диалектика бар, ол сезім мен сезімдік болмыстан шыға отырып, бір идеядан басқа идеяға қарай жетелейді, солай ең жоғарғыға дейін барады; бірақ, сонымен қатар, төмен түсетін диалектика да бар, оның жолы ылдиға қарай кетеді: жоғарғы идеядан жалпы идеяларға қарай жүреді, ол идеал əлемнің əлдебір лауазымдық сатылық құрылымын қамтитын идеяға жетелейді. Бұл үдеріс, яғни диайретикалық соңғы кезеңде жазылған диалогтарында түсіндірілген. Осы жерден «диалектика» сөзінің жаңа мағынасы Платонның «екінші навигациясынан» келіп шығатынын анық байқауға болады.
Дж. Реале және Д. Антисери
"Батыс философиясы: бастауынан бүгінге дейін"
Қазақ тіліне аударған: филос. ғ. д. Т. Х. Ғабитов
Оқи отырыңыздар: