«Шәкіртім емес»: Есен Елеукен пойызда тәртіп бұзған жайдарманшы туралы айтты

Фото: видеодан скриншот

MADENI TV
150

Жайдарманның негізін қалаушы Есен Елеукен "Аралас Арал" командасының ойыншысы Ақылбек Скендировқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, жайдарманшы Ақылбек Скендиров пойызға ішімдік ішіп мініп, балалы әйелге тиісті деген күдікке ілінген еді. Сол оқиғадан кейін жайдарманшы әрі блогер Ғалым Махамбетов әлеуметтік желіде видео жариялап, Есен Елеукеннің басы дауға қалған жайдарманшыға қатысты ойын айтқан сәтін жариялаған. 

"Ақылбек менің шәкіртім емес. 13 жыл менімен бірге жүрген кезде дұрыс болды. Кейіннен ол КТА-ға кетті", - деді Есен Елеукен. 

Айта кетейік, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов "Жайдарман ойындарына" ұқсас "Көңілді тапқырлар алаңын"(КТА) өткізіп, өзі жүргізуші болған еді.  

PESTEL

Иран АҚШ-пен жалғасып жатқан қақтығысты тоқтату мақсатында келіссөздер жүргізуге бағытталған жаңа ұс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

1 мамырда Астана – Атбасар – Жақсы автожолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы...