Алматыда саябақ жері жекеге заңсыз өтіп кеткен

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Заң
2309

Алматы қаласының прокуратурасымен көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 гектар жер телімін заңсыз беру фактісі анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген.

Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді.

Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді.

2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...