Түнгі уақытта баласы қараусыз жүрген ата-ана қанша айыппұл төлейді?

Сурет: polisia.kz

Заң
3044

Егер бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз беймезгіл уақытта сыртта жүрсе, полиция бөліміне жеткізіледі, деп хабарлады madeniportal.kz.

Сағат 22:00 мен таңғы 6:00 аралығында балаларға ойын-сауық орындарында жалғыз жүруге болмайды.

Сондай-ақ, сағат 23:00 таңғы 6:00 дейін кәмелетке толмағандарға көшеде заңды өкілдердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынған.

- Осы уақытта балалар аулада отырса, үйінен 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оның түнгі жүрісінің себебі мен заңды өкілдерін анықтауға міндетті. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде қараусыз болғаны үшін ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынады, - деп ескертті полициядан.

Ойын-сауық орындарында жүрсе - 3 АЕК көзделген. Ал үйден тыс жерде жүрсе алдымен ескертіледі. Егер мұндай дерек 1 жыл ішінде қайталанса - 7 АЕК айыппұл қарастырылған.

Беймезгіл уақытта баланың ойын–сауық орындарында болғаны үшін иесіне де айыппұл салынады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...