Шымкенттік тұрғын жалған шот-фактура арқылы 443 млн теңге салықтан жалтарған

Заң
2213

Шымкент тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып бергені анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, аталған фактіні ҚМА аймақтық Департаменті тергеді.

- Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген, - делінген хабарламада. 

Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жаппай төбелес болып, оның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлады MadeniPo...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...