Экс министр Бишімбаевтың ісі бойынша прокурор мәлімдеме жасады

Заң
630

11 наурызда Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтіп жатыр. Бұл іс бойынша прокурор мәлімдеме жасады деп хабарлайды madeniportal.kz.

 Сот залына БАҚ өкілдері кіре алмады. Журналистер үшін монитор арқылы тікелей көрсетілім ұйымдастырылды.

Алдын ала отырыс барысында прокурор бірнеше мәлімдеме жасады:

  • Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы неке ресми тіркелмеген;
  • Бишімбаев Салтанат Нүкенованың барлық телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, қаржы жағынан тәуелді еткен;
  • Әйелін қызғанған Бишімбаев оған жүйелі түрде физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен;
  • 2023 жылғы наурыз айының ортасында Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан;
  • Салтанат Нүкенова ағасына шағымданды. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндірді, бірақ Нүкенова ажырасудан бас тартты;
  • 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкеноваға Астанадан Алматыға көшуді ұсынды. Ол зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен келісті. Алайда күйеуі күш көрсетуді жалғастырған.

Прокурордың айтуынша, қастандық жасалған күні Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова концертте болған. Арадағы жанжал сол жерде басталып, мейрамханада жалғасты. Нүкенова Бишімбаевтан кеткісі келетінін айтты, бұл туралы ағасына да хабарлаған.

Бишімбаев мас күйінде Нүкенованы соққыға жығып, басына зақым келтірді, кейін оны аяғымен тепкілей бастады. Жәбірленуші мейрамханадағы бөлмелердің бірінде жабылды, бірақ Бишімбаев есікті соғып, оған қайтадан қол көтерген.

Мемлекеттік айыптаушы атап өткендей, Нүкенова бірнеше рет есін жиып, өз-өзіне келген, алайда экс-министр оны ұрып-соғуды жалғастырған.

Қоғам

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейіт өз ана тілінде алмауының себептерімен бөлісті, деп хабарлады ma...

Шоу-бизнес

Өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген танымал жас әнші Ринат Шамшырақтың жары, кәсіби визажист Аружа...