Шекара кеңістігінде 2 559 ел заңнамаларын бұзғандар ұсталды

Заң
390

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы ақпанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып атқарған іс-шаралардың нәтижесін бөлісті, – деп хабарлайды madeniportal.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, шекара кеңістігінде 2 559 ҚР заңнамаларын бұзушы ұсталған:

24 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;

17 шетел азаматының шекараны бұзу әрекетінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 996 заңсыз алып өту фактілерінің алдын алды:

54 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 60 келіден жоғары;

20 факті – атыс қаруы мен оқ-дәрілер (6 дана атыс және 140 дана суық қаруы, 32 дана оқ-дәрі);

63 факті – діни әдебиет (3 078 дана);

330 факті – жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (38 101 литр);

халықтық тұтыну тауарлары – 429 факті, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам;

шетел валютасы – 100 факті, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам.

Каспий акваториясында 18 браконьерлік фактілерінің алдын алды:

9,5 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары;

109 дана (454 келі) бекіре тұқымдас балықтар;

39 дана (93 келі) таза тұқымдас балықтар тәркіленді.

Алдын алған залал көлемі – 173,5 млн теңге.

– Бұл фактілер бойынша материалдар заңнаманы бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...