Алматы облысында колония басшысы пара алған

Заң
2519

Алматы облысында колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 7 наурыз күні пара алды деген күдікпен Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысының ҚАЖ департаменті № 57 мекемесінің бастығы ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу мүддесіне сай, өзге мәліметтер жария етілмейді, - деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...