«Томирис» тарихи драмасы қазақстандық прокатқа шығады

КИНО
7002

«Томирис» кинотуындысы көрермендерге 27 қыркүйектен бастап көрсетілетін болды. Мұны фильмнің режиссері Ақан Сатаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады,  деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Картина Томиристің дүниеге келуінен бастап, парсының әйгілі патшасы Кирдің әскерімен болған, аңызға айналған шайқаспен аяқталады. Біздің заманымызға дейінгі V-VI ғасырларда Орта Азияны мекендеп әлем тарихында өз орнын алған, сақ, массагет сынды тайпалар жайлы өрбиді.

Ақан Сатаев фильмнің қазақ мәдениеті мен дүниетанымының тамыры тым тереңде жатқанын дәлелдей түсетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, басты рөлді 28 жасар Әлмира Тұрсын ойнайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 жастағы әйелдің денесі үйінің артындағы бақшадағы шағын үйшіктен табылды, деп хабарлайды MadeniPo...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадағы жайма-шуақ ауа райы туралы...