Абай Хамза (Абай Мауқарұлы)
ЖАЗУШЫМамандығы дәрігер. Қазақ баспасөзінде өзіндік орыны бар қаламгер. Аудармалары көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр.
ТолығырақАбай Хамза (Абай Мауқарұлы) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Аңсар» ғылыми-танымдық көпшілік журналы бас редакторының орынбасары болған, 1956 жылы 8 маусымда Монғолиядағы Баянөлгей аймағының Бұлғын өлкесінде дүниеге келген. Дәрігерлік мамандығымен қатар, жазушылықпен айналысып, «Тасқын» («Өлгей», 1984) деген аударма кітабын бастырған және сондағы «Шұғыла» әдеби журналы мен «Жаңа өмір» газетінде біршама әңгімелері мен публицистикалық мақалалары жарияланған.
1991 жылы атажұрты – Қазақстанға көшіп келген соң, еларалық «Шалқар» газетінде тілші, «Ана тілі» апталығында бөлім меңгерушісі, «Қазақ елі» газетінде бөлім редакторы, еларалық «Көш» газетінің алғашқы редакторы болып қызмет атқарған. Қазір «Нұр-Мүбәрәк» баспасында редакторлық қызметте. Осы мерзімдік басылымдарда шеттегі қазақтар өмірінен «Жүз жылғы көші-қон» атты Монғолиядағы қазақтар туралы тарихи-эссесі, «Ұлт қамы, сонсоң қарын», «О қазақ пен бұ қазақ», «Жылқы мінез қазақтың жерсінбеген жері бар», «Аймақтың шаңырағын көтеріскен», «Дәстүр үшін жан пида» сынды көптеген ой-толғаулары жарияланған. Түрік-монғолдың көне әдеби мұрасы «Алтын шежірені» («Өнер», 1998) қазақшаға тәржімалап, жеке кітап етіп бастырды. «Көш–керуен» (Алматы, 1997), «Парасат падишасы» («Атамұра», 1998), «Ата салтыңды аяла» («Ана тілі», 1998), «Қазақ диаспорасының ана тілі мәселелері» (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, 2000), «Алғашқы ұстаз» (Алматы, 2000) атты жинақтарға жекелеген туындылары енген. Тибет халқының ғибратнамалық кітабы «Субашид» («Аударма» баспасы, 2004) кітабы жарық көрген. «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналына, «Әсем-ай», «Жұлдыз» журналдарында ғибратнамалық әңгімелері жарық көріп келеді. «Нұр-Мүбәрәк» баспасынан балаларға арналған «Он екі маржан», «Сахаба жұлдыздары», «Он екі пайғамбар» кітапшалары шыққан. «Құбыланама» діни эсселер (2009) кітабы жарық көрген.
(сыни-эссе) Бұл тақырыптағы Амантай, елдің бәрі таныйтын көшедегі «Аттандап» жүретін Ам...
Иә, Баян-Өлгий аймағында «Шәкизада балуан» дегенді ешкім білмейтіні рас. Ал, өз басым ос...
Моңғолия, өзінің руханият байлықтары мен мәдениет құндылықтарын жоғары бағалайтын елдің қатарына жат...
(Бұрынғы әңгіме)Меккелік намысқой жігіті бүгін де түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмай шықты. Әсір...
· Адамдар өз шамасын асыра жоғары, не әсіре төмен бағалайды. Кемелдікке жетпейті...
Сыни-эссеБылтырғы жылдың алғашқы тоқсанында осы порталда танымал жұрналист, қаламы ұшқыр жазушы Қуан...
(естелік-эссе)«Мәдениет порталы» тоқсаныншы жылдарда Шерхан Мұртаза ағамыздың теледидар...
Марк Шагал. Қала үстіндеБіз адамзат, Жер бетінде жаралғалы бері уақыт құрсауындамыз. Күннің шығ...
Ренато Гуттузо. Этнадан қашу«Буырқанған» деген сөз әдетте теңізге қатысты айтылушы еді....
Бұл жазба мүмкін жазылмас та еді, егер қолыма бір әріптестерім арқылы Габриел Гарсиа Маркестің &laqu...
Негізінде мұндай тақырып қойылмау керек еді. Артымнан ерген інім жұрналст-қаламгер Бекен Қайратұлыны...
Адамның иммундық жүйесінің 80 пайызы аш ішегінде орналасқан. Яғни, «қорғаныс қуаты»...
АБАЙ МАУҚАРАҰЛЫ, жазушы-журналист.Осыдан отыз жылдай бұрын перзентханада жаңа туған нәрестені...
Абай Мауқараұлы.Арысбай көзінің дүрбіден де өткір екенін бозбала кезінде білген. Құрдасы Шүкір...
Абай Мауқараұлы, жазушы-журналист.(ғылыми-танымдық эссе)Қазіргі жедел ақпарат заманында дәл осы &laq...
(Сыни эссе)«Шамақайұлы шалқасынан түсірді!». Мынау әлдебір оқырманның сөзі. Нақты атын д...
Абай Мауқараұлы, жазушы-журналист.(діни-пәлсапалық эссе)Сана деңгейлеріАдам санасының деңгейін сарал...
(тарихи эссе)Қазақ қауымы бодандыққа түсіп отаршылдардан қанша қорлық көрсе, азаттыққа жету жолында...
(ғибратнамалық эссе)«Супермансапқорлық». Біздің қоғамдағы қазіргі эпидемияға айналған ес...