Қонақ үйде адамдарды тонаған күдіктілер ұсталды

Сурет: ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1414

Атырауда қонақүй клиентінің бағалы алтын жүзігі мен 1,2 млн теңгесін тонаған 2 күдікті ұсталды. Тағы бір күдікті екі адамның мобильді телефондарын жымқырған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тәртіп сақшылары 2 тонау қылмысына қатысты күдіктілерді ұстаған.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тонау қылмысына байланысты жедел іздестіру іс-шарасына өткізді. Қылмыстың бірі Атыраудағы қонақүйде болған. Қонақүйде 23 және 18 жастағы күдіктілер 39 жастағы тұтынушыға күш қолданған. Сөйтіп, жәбірленушінің бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын, 1 млн 200 мың теңге ақшасын тонағаны анықталды. Күдіктілер анықталып ұсталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аталған басқарманың қызметкерлері 45 және 42 жастағы тұрғындардың моблиьді телефонын жымқырған күдіктіні ұстады. Күдіктінің жасы – 36-да.

Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексте тонау қылмысы үшін күдіктілерге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Теміртау қаласында екінші қабаттың терезесінен кішкентай қыз құлап кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 шілдеде Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының курсан...