Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке мобилографы қызметіне жас режиссер Рахат Дауылбаев тағайындалды, деп хаб...
Павлодар облысында Мұса Шормановтың кесенесі бой көтереді
Мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы Мұса Шормановтың туғанына биыл 200 жыл. Осыған орай тарихи тұлғаның елі Баянауыл ауданының Теңдік ауылында Мұса Шорманов кесенесінің құрылысы басталды. Тарих беттеріне үңіліп, өткенге шолу жасайтын болсақ, алақандай Теңдік ауылында арғысы Бұқар Жырау, Мұса Шорманов, бергісі Қаныш Сәтбаевтың кіндік қаны тамған. Бүгінде қазақ елінің символы алтын адамды тапқан Кемел Ақышев та сол ауылдың тумасы. «Рухани жаңғыру» рухымызды көтерді деген бастамашыл топ кесене құрылысымен қатар үлкен зираттың маңайын ретке келтірмек. Сонымен қатар Шорман әулетіне арналған музей ашу көзделген.
Аманжол Сәйпиұлы, Мұса Шормановтың ұрпағы:
- Шоқан Уәлихановтың туған нағашысы. Мұса Шормановтың қарындасынан туып отыр. Қазақтың жастары оқысын, алға жылжысын, қараңғылықтан көздері ашылсын деген кісінің бірі. Бұқар Жырау бабамыз сияқты мавзолейі болса дейміз. Бәрі сұрайды, бұл кім, қайдан келген деп.
Алтынбек Нұхұлы, ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ПМПУ ректоры:
- Бергі академиктерді қосып айта беруге болады. Мына ескерткішті көріп тұрсыздар, Әбікей Сәдуақасов – дәл сол Ақкелінде туған азамат. Енді осындай ұлы ғұламалар, ағартушылар – еліміздің, қазақ елінің мақтаныштары. Туған ауылды көркейту бұл бүгінгі күні үлкен бір мақтаныш болып отыр және сол аруақтар алдындағы тағзым ретіндегі іс болады деп ойлаймын.