Олжас Бектенов Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді...
“Алдымызға өрелі міндет қойылды”. Максим Споткай Жолдауға қатысты пікір білдірді
Фото: инстаграм парақшасынан
ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Басшысы Максим Споткай Жолдауда айтылған бағыттарға тоқталып өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Максим Споткай өз сөзінде бизнес, кәсіпкерлік мәселесіне тоқталып өтті:
“Алдымызға өрелі міндет қойылды – 2029 жылғақарай экономикадағы орта бизнестің үлесін кемінде15%-ға дейін ұлғайту керек. Бұл мақсатқа жаппайкәсіпкерлік рухын дамыту, монополияларды шектеу және әртүрлі салаларда бәсекелестік үшін нақтымүмкіндіктер жасау шартымен қол жеткізуге болады”, - дейді ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Басшысы.
Сондай-ақ, Максим Споткай бұл тапсырманы жүзеге асыруда қандай өзгерістер болатынын да айтты:
“Бұл тапсырманы орындау орасан зор мультипликативті әсер етеді. Біз бір жағынан кәсіпкерлердің жаңа тобын аламыз және шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің санын арттырамыз. Екінші жағынан, тауарлар мен қызметтерді өндіру саласы айтарлықтай серпін алады, олардың кейбіреулері экспортқа бағытталады”.
ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Басшысы АЭС құрылысына қатысты өз ойын айтты.
“Атом электр станциясының құрылысы жөніндегі 6 қазанда өтетін референдумға жеке тоқталу керек. Бұл Президент Тоқаевтың азаматтарды шешім қабылдау үдерістеріне тарту мен ашықтық бағытын айқын көрсететін маңызды бастамасының бірі”, - деп жазды Максим Споткай.