Қызылорда облысында 20-ға жуық ауыл интернетсіз отыр

Фото: ИИ/Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
2131

Қызылорда облысындағы 223 ауылдың 207-сі, яғни 92%-ы интернетпен қамтылған. Ал қалған 16 шалғай ауылға интернетті жақын жылдары жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Цифрлық технологиялар орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Цифрлық технологиялар орталығының мәліметінше, Қызылорда облысында барлығы 223 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде тек 173 ауылда тұрғындар саны 250 адамнан асады. Қазіргі уақытта интернет барлық тұрғындар саны 250 адамнан асатын ауылдарда және тұрғындары 250 адамнан аз 34 ауылда қолжетімді.

«Қалған 16 шалғай ауылды интернетпен қамтамасыз ету үшін алдағы жылдары арнайы жобалар жүзеге асырылады. Оларды сапалы интернетпен қамтамасыз ету екі жоба аясында іске асырылады: «Волоконды-оптикалық байланыс желісін салу»; «Мобильді кең жолақты интернет», — деп жазылған хабарламада.

2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 62 елді мекендегі 194 мемлекеттік мекемеге (әкімдіктер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері) волоконды-оптикалық желі тарту жоспарланып отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...