Енді Канело мен Билли Джо Сондерс арасындағы кездесу қашан өтетіні мүлдем белгісіз болып қалды.Қазақ...
“Баян құтқар мені”. Айгүл Иманбаева алғашқы киносын қалай түсіргені туралы бар шындықты айтып берді
Фото: инстаграм парақшасынан
“Мама менің жүрегім ауырып кетті, сенің қиналғаныңды көргім келмейді”. Айгүл Иманбаева алғашқы продюсерлік еткен киносы туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева жақында прокатқа шыққан “Көке” фильмінің продюсері. Ол "Түнгі студия" бағдарламасында Нұрлан Қоянбаевқа берген сұхбатында бұл фильмнің түсірілімін бастауға 2 апта қалғанда демеушісінен айырылғанын, тіпті 2 күн қалғанда да демеуші болмағанын айтты.
“Сьемкаға 2 апта қалғанда инвестор отказ береді. Отказ бергенде ол бір лақтырған варианттағы әңгіме емес, кәдімгі өзінің жұмысындағы есепке алмай қалған, форс мажорлардың кесірінен маған өтініш жасады. Сьемканы қыркүйек, қазан айларына қалдырайықшы деп. Содан мен бізге артқа қарай жол жоқ деп айттым”, - дейді өнер иесі.
Айгүл Иманбаева түсірілім барысында ауырып қалғанын, соған қарамай түсірілімді жалғастырғанын да жасырмады.
“Сен жылап отсаң, мен соралап отырмын” деген әңгіме менің басымнан өтті. Пневмония да болдым, скорыймен больницаға да түстім, жатып та қалдым, система алып жптып, мотор дегенде системаны шығара салып рөлді ойнап, қайта келіп жатып сондай кезеңнен өттім”, - деп ағыеан жарылды актриса.
Әншінің ашық сұхбаты мен шынайы жауабына көрермендер жақсы пікір білдіріп, қолдап жатыр. Шынында да актрисаның табандылығы мен қайсар мінезі, кәсібилігі көпшілікке үлгі боларлықтай.
Сьемка кезіндегі форс мажор оқиғалардан анасының шарасыз күйін көрген әншінің баласы анасына бәрін тоқтатайық деп айтқан екен.
“Балам маған “Мама менің жүрегім ауырып кетті, сенің қиналғаныңды көргім келмейді, киносы құрсын, бастартайық” деді балам”, - деп айтты Айгүл Иманбаева.
Сондай-ақ, әнші фильмде бой көрсеткен Баян Алагөзоваға түсірілім үшін ақша төлемегенін, көмек қажет болғанда көмектес деп хабарласқанын да айтып өтті.
“Сьемканың басталуына 2 күн қалған кезде мен Баянға хабарластым ғой. Кинома тегін түскені аздай, Баянға хабарласып: “Баян спасай меня” дедім. Маған Тұрсыннан ақша әпер дедім”, - деп Айгүл Иманбаева бар шындықты бүкпесіз айтты.