«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы»&...
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық біріккен әмбебап ғылыми кітапханасы
Облыстың ең көне кітапхананың өмірнамасы 1892 жылдан басталады, кітапхана 1-ші гильдиялық көпес Артем Иванович Деров пен басқа да жергілікті меценаттардың қаржысына салынды, ол «Дворяндық жиналыс» ғимаратында» орналастырылды. Ашылу кезінде кітапхана қызметінің ережелері жазылған Жарғы қабылданды. Онда «халыққа кітапхананың ішінде оқуға рұқсат етілмейтіндігі, кітаптарды үйге алып пайдалануға болатындығы» жазылған. Әдебиеттер дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 14-00-ден 18-00-ге дейін берілді. Жазылу кезеңінде 3 сом кепілдік салынған, оны «кітапханаға таныс, сенімді тұлғамен» алмастыруға болатын. Осымен қоса кітапты пайдаланғаны үшін 60 тиын көлемінде төлем ақы алынған.Тегін пайдалануға қала басқармасы куәлігі бойынша үш кластық училищенің кедей түлектері ғана құқылы болған.
1896 жылдан бастап кітапхана уездік аталды. Нағыз осы жылды кітапхананың құрылған уақыты деп санауға негіздеме болды.
Уездік кітапхана қоры 5475 дана кітап пен журналдардан тұрды. Қалалық бюджет тапшылығынан кітапхананың жаңа кітаптарға деген сұранысын қамтамасыз ете алмады.Бірақ «оқу-тәрбие жұмысы» бойынша мақала шығындарына, жыл сайын мерзімді басылымдарға 100 сом бөлінді.
Павлодар уездік кітапханасының жаңа кезеңі 1920 жылы «РСФСР –де кітапхана ісін орталықтандыру туралы» декрет қабылданғаннан кейін басталды. Кітапхана бюджеттік қаржыландыруға ауыстырылды, осы жағдай кітапханаға өз қорын толықтыруға және 3500 дана қормен 10 жылжымалы кітапхананы жинақтауға мүмкіндік берді. Уездік кітапханадағы жылжымалы кітапханалар тұрғындардың сауатсыздығын жою мақсатында, білімді тарату үшін және «қызыл киіз үйге» оқырмандарды тарту үшін алыстағы ауылдарда пайдаланылды.
30-шы жылдары қала халқы санының өсуіне байланысты стационарлы түрде қызмет көрсету, көрнекі түрдегі үгіттеу – плакаттар,көрмелер, фотомонтаждар белсенді дамыды, дауыстап оқу, әңгімелесу ұйымдастырылды, өздігінен білім беру үйірмелері қызмет көрсетті.
Ұлы Отан соғысы кезінде облыстық кітапхана бірнеше рет көшіп, қысқы уақытта отынсыз қалуға тура келді. Қажырлы еңбек арқасында небары төрт адамнан тұратын облыстық кітапхана ұжымы өз қорын толықтырды және сақтап қалды, оқырмандарға үйде қызмет көрсетуді оңалтты. Кітапханашылардың госпитальге алып барған кітаптары жаралыларға тез сауығуға әсер етті.
Жұмыс мазмұнының түпкілікті өзгеруі соғыстан кейінгі кезде 1947 жылы Дмиртий Иосифович Буриловты тағайындаған соң басталды. Оның басшылық еткен кезеңінде кітапханада алғашқы мамандандырылған арнайы буындар пайда болды. 1946 жылдан бастап «Мәдени-ағарту жұмысы бойынша аға әдіскер» лауазымы болды. "Бұйрықтар кітабындағы" жазулар бойынша: «кітапқоймасына бөгде адамдарға кіруге қатаң тиім салынған», кітапқоймасы оқу залынан 1947 жылы жекеленді.
Кейін дербес бөлім құруға қажеттілік туындады, ол бөлім кітап өңдеуге жауапты болды, 1951 жылы 31 тамыздағы бұйрығымен расталды. Облыстық кітапхана штаттында автомобиль – кітапхананың меңгерушісі лауазымы болды. Ол жүргізушімен бірге кітапхана болмаған жерге жолға шықты.
1951 жылы кітапханаға алғашқы жоғары білімді мамандарды алды: М.Н.Голубинскаяны және М.И.Бубенцованы.
Кәсіпқой-кітапханашылар басшылығымен жеті адамнан тұратын топ, арнайы білімді талап ететін мәселер шешуге кірісті: жүйелік және алфавиттік каталогтарды құруға, ондық кітапханалық классификация бойынша қорды орналастыруға, есеп құжаттарды енгізу және т.б. КАА-ға қолданылды шегерілмейтін іс-шаралар тізбегі қабылданды, Мәскеуден 1946 жылы алынған ұйымдастыру нұсқаулығы бойынша.
1955 жылы әдістемелік жұмыс бөлімі бөлінді. Халыққа кітап беріп жедел қызмет көрсету, кітапхана мамандарының уақытында ақпаратты игеруі, ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, 1957 жылы кітапханаға ақпараттық қызмет тобы бөлініп, анықтамалық- ақпараттық бөлім болып өзгертілді.
1955 жылы аймақ әдебиетшілері: С.Музалевский, О.Кудышев, Н.Панов, В.Молотов, Г.Кочетков, А.Нұршаихов, В.Смирнов және т.б. өздерінің Павел Васильев атындағы әдеби бірлестігі одағын құрды. Әдеби бірлестіктің алғашқы отырысы облыстық кітапханада өтті. Оған ресейлік белгілі ақын Евгений Долматовский құрметті қонақ ретінде қатысты.
Кітапхана дамуының бір сатысы орталықтандырумен байланысты болды.
Осы мақсатты орындау үшін 1975 жылы 24 маусымнан халық депутаттарының Павлодарлық облыстық кеңесінің сессиямен мемлекеттік көпшілік кітапханаларын орталықтандыру жоспары бекітілді. 1980 жылы 14 ОКЖ болып, құрамына 514 кітапхана біріктірілді.
1988 жылы облыс өмірінде үлкен қоғамдық дабыл болған ғылыми-практикалық конференция өтті. Тақырыбы: «Облыстағы қайта құру жағдайындағы кітапхана ісі дамуының өзекті мәселелері». Баяндама жасағандар: Облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары В.А.Шершнева., Қаз ССР Мәдениет министрлігінің кітапхана ісі бойынша бастығы И.Д.Мукосеева, «Библиотекарь» журналының тілішісі Л.Х.Ертуғанова, Облыстық кітапхана директоры М.А.Жиенбаева және т.б.
1988 жылы Қазақ ССР мәдениет Министрлігінің бұйрығымен біріктіру бойынша республикада бірінші болып Павлодар облыстық әмбебап, жасөспірімдер және балалар кітапханасы бірігіп, өңірдің ең үлкен - облыстық біріккен әмбебап ғылыми кітапханасы болды.
Кітапхана мамандары бұрынғы директорлары- Т.Байдильдин, И.Д. Бурилов, С.Ф. Кирисова, Л.З. Шаманина, Л.С. Лямзина, Л.М. Грезина, М.А. Жиенбаева қалаған, кітапхананың үздік дәстүрлерін сақтап келеді
Кітапхана 1996 жылы 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Павлодар облысының әкімі Д.Ахметовтың жеке өкімі бойынша кітапханаға саяси - ағарту үйінің ғимараты берілді. Сол жылы облыстық кітапханаға қазақтың танымал ақыны - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілді.
2003 жылы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің шешімімен Павлодар қаласы инновациялық бағдарламаларды және жобаларды іске асырған үшін – «2003 жылы - Қазақстанның кітапханалық астанасы» болып танылды. «Жаңа кітапхана – жаңа ақпараттық қауымдастық үшін. Модельдік ауыл кітапханасы» атты республикалық конференция облыстық кітапхана шеңберінде өтті. Бұл конференцияда алғашқы рет, республикада бірінші болған – Орловка модельдік кітапханасы ұсынылды.
Қазіргі кезде С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхана – Қазақстандағы ең үздік кітапханалардың бірі. Кітап қоры облыстағы ең ірі ғылыми, оқу, өлкетану, көркем әдебиет үлгілерін ұсынады. Жыл ішінде кітапханаға 32 мың оқырман келеді және 900 мыңға жуық кітап пен журнал беріледі. Бүгінде кітапхана құрамында, әртүрлі кітапханалық бағытта жұмыс істейтін, ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін 14 бөлім бар.
Кітапхананың ары қарай дамуына халықаралық қорлар мен ұйымдардың байқауларындағы мағыналы жеңістерін айта аламыз, оларға «Аймақтың модельді кітапхана», « Интернет. Электронды пошта», «Жанашыр» жобасы жатады. Осының барлығы ОБӘҒК-да компьютерлік паркін кеңейтуге, қызметкерлер және оқырмандарға автоматтандырылған жұмыс орындарын құруға, әлемдік ақпараттық кеңістікке еркін түрде қол жеткізуге, Интернеттегі кітапхананың өзіндік ақпараттық бейнесі - Web-сайт құруға; меншік электронды ресурстарын қалыптастыруға: электронды каталог, әртүрлі тақырыптағы мәліметтер базасын құруға; Павлодр облысы кітапханаларының қызметкерлеріне арналған тренинг-орталығын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі заманғы С. Торайғыров атындағы ОБӘҒК – аймақтың орталық кітавпханасы, бас кітап қоймасы, өлкетану құжаттарының депозитариі болып табылады. ОБӘҒК барлық ведомствалық кітапханалар қызметін үйлестіріп, облыстың тұрғындарын әдістемелік және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз етеді.