Кездесу: «Біздің кітапханадағы кітаптар»

КІТАПХАНА
564

 

 

«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі «Біздің кітапханадағы кітаптар» атты әдеби қонақжайдың алғашқы кездесуін өткізді.

Әдеби қонақжайлық - әдебиеттің эстетикалық, ақпараттық, тәрбиелік міндеттері мен үйдегідей жылулықтың, сенімділіктің, қарым-қатынас еркіндігінің ерекше жағдайын біріктіреді. Кездесу тақырыптары мейлінше әртүрлі – қазіргі поэзия мен проза, атақты адамдардың шығармашылығы және тағы басқалар болмақ.

Бірінші кездесудің тақырыбы ақын, жазушы және аудармашы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы болды. Іс-шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер орындалды. 

 

Жағымды музыка мен жүзбе-жүз әңгіме көру қабілеті нашар адамдарға жақсы көңіл күй мен жағымды эмоциялар алуға мүмкіндік берді.

 

Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...