«Ешқандай даналық көріп тұрғаным жоқ»: Белгілі баспагер «Нурикамал» фильмі қазаққа үлгі бола алмайтынын айтты

Ulysmedia коллажы

Кино
314

Белгілі баспагер, AmalBooks баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбай жақында жарық көрген  «Нурикамал» фильмі жайлы ойын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.

Баспагер «Нұрикамал» киносы туралы көп жазып кеткенін айтады. Алайда баратын да, қарайтын да ой жоқ дейді.

– Өйткені әні ұнамайды. Нақтырақ айтса, шығу тарихы ұнамайды. Үш баланың әкесі Нұрикамал есімді жас келіншекке ғашық болып қалады. Ал ақын әйелі болса оның бұл махаббатын қолдап, күйеуінің атынан әлгі келіншекке арнап өлең жолдарын жазып беріпті. Мұны әйел даналығы деп көтермелеуге тырысуда. Кейбіреулер шығармашылық үшін отбасын неге құрбандыққа шалмасқа деп, мұны ерлікке телиді екен. Бұл мысалды дәріптейтіндерді түсіне алмадым. Қазақтар, сендерге не болған? Күйеуінің тірлігін жеке басым сатқындық деп қабылдаймын. Әйелі мен бала-шаға алдындағы еркектің жауапкершілігі қайда қалды сонда? Өз басым мұндай азаматтарды түсінбеймін. Ал ақын әйелдің тірлігінде ешқандай даналықты байқап тұрғаным жоқ. Кейін үшеуі жақсы араласып кетті деп жазып жатыр. Бір отбасы шеңберіндегі мұндай қарым-қатынастар бүкіл ұлтқа үлгі болмауы тиіс деп ойлаймын, – дейді ол.

Бақытжан Бұқарбай фильмді дәріптеудің қажеті жоқ деп есептейді.

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...