Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне және Арыс қаласының 65 жылдығына орай қазақтың ұлы ақыны Абайға...
Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің ІІ Халықаралық театр фестивалі басталды
Бүгін Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалі шымылдығын ашты.
Биылғы фестиваль қазақтың кино және театр саңлағы Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына орайластырылып отыр. Оған Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан мен Иран елдерінің өнер ұжымдары қатысады.
Каспий жағасындағы 5 елден келген қонақтар қазір Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының алдына жиналды. Себебі биылғы шара актердың 90 жылдығына арналып отыр.
Ұлы тұлғаның мерейтойына орай жақында театр алдына Нұрмұхан Жантөриннің ескерткіші орнатылған болатын. Жиналғандар осы ескерткішке гүл шоқтарын қоюда. Одан кейін осы фестивальға қатысуға өтініш білдірген 8 театр ұжымының қойылымдары көрсетіле бастайды. Шараның шымылдығын Татарстаннан келген Мензелин мемлекеттік татар драма театрының «Ібіліс» трагедиясы ашады. Жалпы халықаралық шарада өнер көрсететін таңдаулы ұжымдардың қатарында Әзірбайжан Мемлекеттік Ұлттық академиялық драма театры, Кемине атындағы Мары Мемлекеттік драма театрлары бар. Өнер ұжымдарының қойылымдарын белгілі өнер қайтаркерлері бағалайтын болады.
Фестиваль 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Төрт күні бойы ақтаулықтар үздік туындыларды тегін көріп, тамашалай алады. Ал шараның салтанатты ашылу рәсімі өткен айда ғана пайдалануға берілген жағалаудағы су жаңа дала сахнасында өтеді.