Щучинскте "Хрустальный колос" облыстық ХХХVI қысқы спартакиадасы өтуде

Жаңалықтар
247

Бурабай ауданының Щучинск қаласында "Хрустальный колос" облыстық ХХХVI қысқы спартакиадасы мен Тәуелсіз Қазақстанның Қысқы Олимпиадада тұңғыш рет алтын медаль иеленуіне 30 жыл толуына орай жаппай шаңғы жарысы өтуде, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оған қоса іс шарада Қазақстанның алғашқы Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионаттарының, Азия ойындарының және Әлем Кубогінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Ақмола облысының құрметті азаматы Владимир Михайлович Смирновқа мемлекеттік марапат тапсыру рәсімі өтті.

Еске сала кетейік, аты аңызға айналған ақмолалық спортшы 1994 жылы норвегиялық Лиллехаммер қаласында өткен Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен еді.

Бурабай баурайындағы спорт мерекесіне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев, атақты спортшы Серік Сәпиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысуда.

Қазақстан

Алматыда Әуезов ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Алтынсарин даңғылындағы уч...

Айна

Елордада Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы болып жатыр. Сот отырысын...