«Менің атым – Қожа» фильмі қайта түсіріліп жатыр

Сурет ашық дереккөзден алынды

ҚАЗАҚ КИНОСЫ
3990

Халықтың сүйікті фильмі «Менің атым – Қожа» жаңа форматта көрерменге жол тартады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады.

Балалық шағымыздың сүйікті кейіпкері Қожа енді жаңа форматта оралады. Қазақ киносының классикасына айналған фильм заман талабына сай қайта түсіріліп жатыр.

Фильм туралы: Жаңа нұсқада қазіргі заман технологиялары мен трендтері енгізілген. Бірақ түпнұсқаның негізгі идеялары сақталады.
Сонымен қатар, басты рөлдегі актерлер көрермендердің оң бағасын алуда.
 «Менің атым Қожа» – балалық шақтың естелігі ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениетінің құнды мұрасы. Бердібек Соқпақбаевтың классикалық туындысы жаңа буынмен қайта қауышуға дайын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...