Алматыдағы жол апатынан кейін белгілі продюсерге сот үкімі шықты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
973

Алмалы аудандық соты Алматыда болған  атышулы автобус апатына кінәлі Әнел Сартаеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оқиға биыл жазда болған. Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды. Сот продюсердің жазасын кейінге қалдырды. Сот сәбидің жағдайын ескеріп, бала 3 жас 9 айға толғанша жазаны кейінге шегерді.

Сот үкімімен Сартаева ҚК 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды және оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Айта кету керек, Әнел Сартаева Salem Social Media медиа-компаниясының продюсері, ол «5:32», «Эскорт», «1286» секілді танымал сериалдарға продюсерлік еткен.

Әлем

Ресей Федерациясының Жаңа Уренгойда округында 5-сынып оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алған, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дағыстанда Қырғызстан және Қазақстан азаматтары қамауға алынды, деп хабарлады Мadeniportal.kz. Олар...