«Арқа төсіндегі ару қала – Астана» атты кітап көрмесі ұсынылды

КІТАПХАНА
1947


Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» атты арнайы дайындалған кітап көрмесін оқырмандарға ұсынды.

Аталған шараның мақсаты - Елордамыздың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату. Тақырыпқа сай безендірілген көрме «Астана тарихы – ел тарихы», «Астана – Елбасының ерлігі», «Тәуелсіздік тұмары – Астана» атты бөлімдерден құралған.

Қазақстан Республикасының астаналарының қысқаша тарихы мен Астана туралы 50-ге жуық фотосурет, елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын мол әдебиеттер қойылды. Кітап көрмесіне 350 кітап қойылды

Жаңалықтар

Танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиевке алдандық деген бір топ адам құзырлы органдардан көмек сұр...

Жаңалықтар

Қазақстан сөз бостандығы рейтингінде Африка елдерінен төмен. «Ш...