Алаш ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармалары цифрлық форматқа көшірілді. Петропавлдағы облыстық кітапха...
Дидар Амантай. БЕЙНЕТҚОР БАЛЬЗАК (эссе)
Бірде, 2017 жыл болса керек, қыркүйек айында “Замандастары естелігіндегі Бальзак” атты бес жүз елу беттік мемуарлық кітап оқыдым.
Ішінде Лора Сюрвиль, Альфонс Мари Луи де Ламартин, Теофиль Готье, Жорж Санд, Эдмонд пен Жюль де Гонкурлар, Александр Тургенев, Виктор Гюго, Шарль Бодлер, Гюстав Флобер, Шарль Огюстен де Сент-Бев тәрізді жазушылардың естеліктерімен қатар, елуге тарта авторлардың қаһарман қаламгер туралы жазған-сызғандары бар.
Мені қызықтырған Филарет Шаль мақаласы. Топтама кітап 1986 жылы “Художественная литература” баспасынан жүз мың данамен жарық көрген. Үлкен таралым. Құрастырушысы – Ирина Лилеева.
Филарет өз мақаласында Оноре де Бальзакты қатты мазақ етеді. Менсінбей, күліп, тиісіп жазады. Сынайды. Мысқылдай ма, әлде, шын мақтап тұр ма? Белгісіз.
Атауында, сөз астарында емеурінмен білдірілген бір мысқыл жатыр: “Бальзак-пантеист”. Көне діни түсінік бойынша, пантеон – бар пұт-құдайдың үйі. Пантеист – оны тұрғызушы. Яғни, Бальзак – алып қаһармандарына алапат қорған соғушы.
Өткір сынға толы екі жақты туынды: “Вы видите толстого, грузного человека с густыми бровями и расположенными в огромных орбитах глазами навыкате, прохаживающегося с тростью швейцара в руке по фойе Оперы в антракте одного из первых представлений “Графа Ори”? Он совершает два или три круга, вызывая восхищение окружающих, которые оборачиваются со словами: “Посмотрите — Бальзак!” деген сөздерден басталады.
Әдетте, біз Бальзак туралы, жасаған зор еңбегі туралы таңырқап жазған естеліктер оқимыз. Шаль мырза, керісінше, заңғар жазушының жер-жебіріне жетпесе де, жұрт оқып тауыса алмайтын қалың-қалың томдарын қандай мақсатпен жазғанын түсінбейтінін алға тартады, мақтаған тұстарының өзінде езу тартқызып, білдіртпей келемеждеп өтеді.
Филарет Шаль кекесіні, кейде ашық келеке түрінде, кейде шын әспеттеген-мыс пафос-пішінде көрінеді. Өрілген ойларында, пәленбай том шығарма жауздағы өлермендік ынта, ғұмырын күреске айналдырудағы пейіл-ниет не мақсат көздеді, мағынасы неде, қаламынан шыққан осыншама туындыларды қанша оқырман толық оқыды екен деп келетін сауалдары, бір тараптан, орынды да сияқты, алайда, бұл Бальзакқа айтылатын сөз бе. Қазіргі күннің өзінде ащы ой-пікір, таңданыс көбеймесе, азайған жоқ.
Қаптатып жазғанынан бір пендешілік байқалмай ма, эгоистік сойынан хабар бермей ме, бұл мақтан іздеген, мадақ күткен бейнет емес пе: “Это ясновидец века, человек, который оставит самую яркую, но во многих отношениях и самую лживую летопись бед, чаяний и душевных драм нашего времени”.
Бальзак мұраты өз заманы низамын, салт-дәстүрін, көзқарасын, ар-ұятын, кісілігін, кем-кетігін қағаз бетінде еш боямасыз бейнелеп көрсету еді. Ол көргенін жазды. Бірақ, көргені мен жазғаны арасында алшақтық бар екенін сергек жұрт анық байқады, себебі, натурализм, тіпті, реализм, бәрібір, өмірдің өзі емес, ол – көшірмесі, жай көшірмесі емес, көркем кейпі.
Альбер Камю реализм ағымының жалған постулаттары туралы жеткізе жазды. Оның ойынша, өнер шындық пен еркіндікке қызмет етуі тиіс. Өзінің атақты Нобель сөзінде философ танымдық көзқарасын айқындайтын уәж келтірді: “Каковы бы ни были личные слабости писа¬теля, благородство нашего ремесла вечно будет основываться на двух трудновыполнимых обязательствах – отказе лгать о том, что знаешь, и сопротивлении гнету”.
Бальзак қоғамның кескін-келбетін шығармаларында барынша дәл бейнелеуге тырысты. Кейіпкерлерін көшеден іздеген жалған сойды бұл дағды осындай ұстын-ұстанымдардан туды.
Шаль әрі қарай былай деп қалам тартады: “У него нет никаких пороков. Его не привлекают ни игра, ни вино, ни разврат. Он лишен честолюбия, во всяком случае, честолюбия заурядного.
Он не состоит ни в какой партии. Он презирает политику и считает себя намного выше всех министров, прежних и нынешних”.
Автор Бальзактың мінез-құлқы, дүниетанымы қалыптасуына шыққан ортасы әсер еткені туралы ашық деректер келтіреді: “Он простолюдин и испытывает отвращение к буржуазии. Он написал непристойные книги, но презирает непристойность”.
Тағы оқимыз: “В нем нет непосредственности, ибо он написал двадцать два тома для того, чтобы овладеть всеми тонкостями своего ремесла; и, разрабатывая эту почву, копая вглубь, он нашел таящийся в ее недрах гений, который искал, гений, завуалированный, глубокий, могучий, который он медленно, с трудом высвободил из его волшебной пещеры с помощью непрерывных заклинаний”.
“Затем он приехал в Париж, окунулся в его будоражащую атмосферу, спекулировал как безумный, разорился, писал посредственные романы; он размышлял и страдал, как все мы; как и все мы, он увлекся литературным романтизмом и жгучими социальными проблемами. Но он был рожден с редкой способностью к обособленности; он не стал ни главой романтического движения, ни главой социалистов. Он остался Бальзаком”.
Түсінгенімізше, зерделегенімізді түйіндеп көрсек, Бальзак сойынан титан тұлға емес, әу бастан Тәңірі оны ерекше бір жағдайда жаратып, титандық міндет жүктеген жоқ, байғұс пенде бір күні титан деген атаққа қол созды, сосын, жоспарлы, мақсатты түрде титандыққа қызмет етті.
“Хотелось бы, чтобы Бальзак родился в эпоху и в условиях, более благоприятных научному методу, которым он пользовался при изучении человека. Ибо он не остался верен науке, требующей прежде всего беспристрастности и придающей каждой величине определенную ценность, каждой реалии — свой символ, каждой совокупности элементов — точное цифровое выражение. Геометр не имеет права считать угол более острым, чем на самом деле, а лаборант — неверно рассчитать количество азота, углерода или кислорода, которыми оперирует”.
Рас. “Если они совершат ошибку, то первого выведет из заблуждения бесстрастный циркуль, а второй взлетит на воздух вместе со своими перегонными аппаратами”.
“Но у Бальзака было странное качество, удивительная особенность искажать воссоздаваемую его колдовским воображением действительность. Свойство столь же редкое, сколь и опасное”.
Себебі: “Бальзак все укрупнял, углублял, очернял или возвеличивал. Правда была искажена, наука о жизни недооценена, извращена, принижена. Но чародей осуществил свой замысел, создав дивный мираж. Никто так не похож на чародея, как Бальзак”
Ол көрген прототипін жан-жақты зерттеп, танып, қағаз бетіне көшіргенде, өсіріп жазды. Образдары штрих-детальдары қосылған сайын күрделене түсті. Ұлғайды. Ақыры, адам танымастай өзгерді.
Бальзак сомдаған персонаждар төңірегіне шуақ шашқан жоқ, басты ойы шығармадағы бейне өмірдегі түпнұсқа үлгісіне ұқсады ма, жоқ па, шындығына жете алды ма, қалай болды, сондықтан Бальзак шығармаларынан жылылық сезбейсіз.
“Так же как Дюма и Сю, Бальзаку не хватает доброты, милосердия, любви к обществу, в котором он родился, вырос, жил, нашел славу, деньги и занял весьма уважаемое положение”.
Филарет Шаль, шын мәнінде, Бальзак құбылысына дәл диагноз қояды: “Желая сделать свое произведение всеобъемлющим и дать лишь психологические портреты равноправных персонажей, не подчиняя их нравственным законам, которые — и только они — и отличают их друг от друга, вы насаждаете запутанный лес разнообразных небылиц, перекрещивая тропинки, прокладывая все новые и новые пути, — и в конце концов никто уже не может выбраться из этих бесплодных дебрей”.
“Но вы забываете о читателе — он не преминет найти такую претензию чрезмерной и невыносимой”.
Шын.
“Тщетно один исследователь творчества Бальзака говорит о “беспредельной разработке типов” — у человека есть свои пределы”.
Типтес, тектес образдар жасаймын деп Бальзак кейіпкерлері өмірден алыстап кетті. Өмірде типтік немесе белгілі бір топқа тән характерлер жоқ. Пенде баласынан жақсылық та, жамандық та күтуге болады. Бір адамның бойынан бір-біріне қайшы көп қасиет таба аласыз. Ізгілігіне – аярлығы, дегдарына – алаяғы.
“На книжном шкафу у Бальзака я видел — я говорил об этом тысячу раз — скверный гипсовый бюстик со следующей надписью на основании: “То, что он не смог сделать мечом, я совершу пером”. Это был бюст Наполеона,” – деп сыр бөліседі автор.
“Так же, как и в своих романах, Бальзак, чей гений был под стать гению Наполеона, использовал антитезу; он полагал, что писатель в состоянии править миром, а его перо можно уподобить золотому скипетру”.
Қазір жазушылар мәртебесі өзгерді. Алдыңғы орынға медиа-жұлдыздар шықты. Фонограмма концерттерді көбейтті. Технологиялар адам санасын трансформациялады.
Меніңше, тұлғасын таңдайтын заманы, тұлға заманын өзгерте алмайды. Стив Джобс, Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Джефф Безостар XXI ғасырдағы техника және ғылым жетістіктері тудырған жағдайдың арқасында ғана табысқа қол жеткізді.
“До неимоверной степени Бальзак развил свою способность отдаваться во власть иллюзий; он не родился безумцем, но сделал себя таковым. Все время мечтая о величии, богатстве и роскоши, он убедил себя в том, что металлическая ванна, в которую он погружался, сделана из паросского мрамора, а лишенная мебели темная квартира на улице Кассини увешана множеством картин и залита светом тысячи свечей”.
Филарет Шаль – Онеро де Бальзак дәуірін келешектен емес, кешегіден іздегенінде – біз білмейтін бір мән бар шығар деп топшылаймын.
Дидар Амантай
01.12.2019