Астанада Балалар жылы аясында «BIZ BIRGEMIZ» кең ауқымды қайырымдылық фестивалі өтеді.&n...
Димаш Құдайберген Қытайдың танымал платформасында жеңімпаз болды
Димаш Құдайберген «Leading 2020 Sina Entertainment festival» рейтингінде үздік шетел артисі деп танылды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
7 және 28 маусым аралығында Қытайдың танымал Sina платформасында Sina News пен Sina Entertainment ұйымдастыруымен «Leading 2020 Sina Entertainment festival» дауыс беру рәсімі өтті. 21 күн дауыс беру қорытындысы бойынша Димаш 1.404.488 дауыс жинап, «Ең үздік танымал шетел артисі» номинациясын жеңіп алды.
Sina (қытай тілінде: 新浪; pinyin: Xīn Làng) – бүкіл әлемге байланыс орнатуға ашық платформа ұсынып отырған қытайлық интернет-компания. Компанияның 4 негізгі қызмет бағыты бар: олар Sina Weibo, Sina Mobile, Sina Online және Sinanet. Sina бағытының әлем бойынша 100 миллионнан астам тіркелген қолданушысы бар.
Sina компаниясы мен оның платформаларының Қытайдың медиа кеңістігі мен көңіл көтеру саласында ықпалы орасан зор. Sina Weibo – Twitter-ге ұқсас, Қытайдағы микроблогинг нарығының 56,5%-ын қамтып отырған әлеуметтік микроблог-желі. Сонымен қатар, бұл сүйікті айдолдарына қолдау білдіру үшін жиналатын фанаттардың ең ірі әрі маңызды платформасы. Сонымен бірге, танымал адамдар Weibo желісінде жеке аккаунттар тіркеп, шығармашылығымен бөлісіп, фанаттарымен байланыс орнатады.
Демеушінің айтуынша, «Leading 2020 Sina Entertainment festival» шарасының басты мақсаты – 2020 жылдың бірінші жартысында үздік деп танылған фильмдер, телебағдарламалар, музыкалық шығармалар және варьетемен көпшілікпен бөлісу. Осылайша, артистермен және олардың жұмыстарымен көбірек адам танысып, көңіл көтеру индустриясы дамуына оң әсерін тигізеді.