Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...
Суретші Зейнелхан Мухамеджан жазған 7 картина
7311
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін суретші Әділғали Баяндин, Төлеген Сүлейменов, Серік Тайнов, Бақытнұр Бүрдесбеков, Бақыт Сейсенханұлы, Жеңіс Кәкенұлы, Ренат Елубаев жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Зейнелхан Мухамеджан! Мархабат!
Зейнелхан Мухамеджан 16.07.1959 Монголиядығы Баян-Өлгей қазақ аймағында дүниеге келген. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Көркем өнер Академиясының коррреспондент мүшесі, Қазақстан Шеберлер Одағының мүшесі. 1974-78 жж Уланбатыр қаласы Бейнелеу өнер училищесін оқыған. Көркемдеуші суретші (художник оформитель) біз кесте өнеріндегі жетістіктері үшін 2007 жылы "Қазақстан Рекордтар" кітабына тіркелген. ЮНЕСКО-НЫҢ Сапа белгісі сертификаты иегері. Халық аралық өнер фестивальдерінің лауреаты, Кипр Түрк республикасы Халықаралық суретшілер Одағының мүшесі, Кипр де өткен Халық аралық суретшілернің "Күміс кілт" сыилығы иегері. 2017 жылғы Қазақстан Шеберлер Одағының жоғарғы сыйлығы "Хас Шебер" атағының Күміс медаль иегері.