Сөзі бөлек,сөзінен өзі бөлек,Бір сұлбалар көрінер көзіме көп.Жүрегімді жұбатып тұрам үнсіз,Ешкімге е...
Орхан Памук «Оба түндері» атты романын қайда, қалай жасырды?
Нобель сыйлығының иегері, Түркиялық жазушы Орхан Памуктың бес жыл бойы жазылып келген "Оба түндері" атты жаңа романы 23- наурыз күні оқырман қауымға жол тартпақ. Аталмыш роман Yapı Kredi Yayınları тарапынан наурыз айында басылып шығады деген күннен бастап, әдебиет сыншылары мен зерттеушілердің назарын өзіне аударып үлгерді. Тіпті Орхан Памуктың қолжазбасындағы "Оба түндеріне" байланысты сызған картиналар да әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары да кеңінен таралды. Алғашқы болып қазақ оқырмандарына Орхан Памуктың осы бір сызбаларын "Мәдениет порталы" ұсынған еді.
Бүгін әлем оқырмандарының құлағын елең еткізген "Оба түндері" романына байланысты ақпараттар мен сөйлемдер Орхан Памуктың бұған дейінгі қандай шығармаларында кездеседі? Автор қай романдарында "Оба түндері" жайлы жазды? Пайғамбар әскерлеріндей тізілген сөйлемдердің қай бұрышына "Оба түндерін" жасырды? Расында Орхан Памук "Оба түндері" туралы өз оқырмандарына бұған дейін де айтқан ба? "Мәдениет порталы" осы бір сұрақтардың жауабын іздеу үшін автордың романдарына көз сала отырып, мынадай қызық сөйлемдерге тап болды.
Орхан Памуктың 1983 жылы жазған "Үнсіз үй" романында кездесетін сөйлемдер:
1. "Оба түндері және Жәннат күндері деп іштей күбірледім. [...] Осы бір Оба жайлы ойлар менің бойымды күннен күнге баурап барады".
2. "Өте сұлусың деді Нилгүн. Сен де біздің Обамен бетпе-бет келіп, оның соңынан кетерсің".
3. "Көгерген жертөледен шығамын енді. Ашық ауадан Обаны іздеймін".
Орхан Памуктың 1985 жылы жазған "Ақ қамал" романында кездесетін сөйлемдер:
1. "Қаладан Оба шығыпты! Бейне бір Стамбулдан емес, басқа бір алыс қаладан шыққан Оба жайлы айтып тұрғандай болғаннан кейін, әуел баста сене алмадым".
2. Қала Обадан бұрын, сол Оба үшін жасалған сақтық шараларынан азар да безер болған еді. Ел арасында аштық болады деген қауөсек шықты. Стамбул тәрк етілген, қорқынышты қала секілді еді".