Елордалық жастар Астана мен Алматы қалаларында 500-ден астам әртүрлі жастағы тұрғыннан Елтаңбаның 6...
Ғасырлар тоғысындағы жастардың әлеуметтік, мәдени және саяси құндылықтарының өзгеруі
Әрбір мемлекет өз дамуында елең-алаң кезеңдерден өтетіні анық. Бұл дегеніміз мемлекеттің тарихи даму барысындағы орын алатын заңдылықтардың бір парасы. Дәлірек айтсақ, бар елдерге тиесілі аксиома.
Трансформация әки елең-алаң кезеңдердің (процестердің) күрделілігі елде жүргізілген реформалар мен бағдарламалардың маңыздылығы мен тереңділігіне байлынысты болып келеді. Бұл құбылысты қаншама жылдар Совет Одағының құрамында болған Қазақстан да басынан өткерді. Белгілі бір индивидтерден құралған қоғамды және сол қоғамдағы орын алған, алып жатқан өзгерістер туралы ойлағанда, ең алдымен, қоғам мүшелерінің қаржылық әлеуеті турасында көп айтылады және көп қозғалады. Ал ол адамдардың рухани құндылықтары көп жағдайда ескеріле бермейді. Шындығында, рухани құндылықтар - кез-келген әлеуметтік-саяси өзгерістер кезінде түзетілуі қиын, орнына келуі көп уақытты талап етеді.
Сол сияқты Кеңес Одағы жермен жексен болғаннан кейін Қазақстандық қоғамның, әсіресе жас ұрпақтың көзқарасы өзгере бастады. Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңінде Кеңес дәуіріндегі жастардың арасында рухани үндестік бұзылып қана қоймай,капитализмге енді бой үйрете бастаған тәуелсіз елдің жастары пайда болды. Өз кезегінде, отыз жыл ішінде еліміздің қаржылық, әлеуметтік-саяси өмірінде орын алған өзгерістер қоғамның, оның ішінде жастардың көзқарасына әсер еткені ақиқат.
Қазіргі жас ұрпақтың бағдары белгілі бір дәрежеде өзі өмір сүретін қоғамның дамуына ықпал етеді. Дегенмен елімізде қалыптасқан қаржылық, саяси жүйінің жастарға, олардың құндылықтарына қалай өзгертті және оған қандай баға береміз деуге әлі ерте. Алайда, егемен мемлекетпен,оның қаржылық және саяси, рухани мектептерімен қатар дүниеге келген жас ұрпақ өзіндік ерекше дүниетанымымен, мәдениетімен және әдет-ғұрпымен жаңа бағытта өседі деген үміт бар.
Осыған байланысты қазіргі қоғамдағы Қазақстан жастары туралы бірқатар сұрақтардың болуы заңды құбылыс. Атап айтқанда, Қазақстандағы жастардың қазіргі һәм болашақтағы жағдайлары қандай болады? Жастардың патриотттық сезімін, ұлттық когнитивті санасын қалай көтеруіміз керек? Болашақтың кепілі болып табылатын жастардың қоғамдағы орны мен рөлі қандай?Міне, осындай мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды мәселелердіжан-жақсы зерттеп, нарықта қоғам жастарына қорған бола алатын бірыңғай реформалар мен бағдарламаларды қабылдауымыз орынды. Әрине, осы күнге дейін еліміз бұл бағытта көптеген істер атқарды. Мысалы, елімізде "Жастар туралы заң" қабылданып, "ҚР Жастар саясаты туралы" тұжырымдамасы мен басқа да мемлекеттік құжаттар, іс-шаралар қолға алынды.
Дегенмен қазіргі кездегі жастар біздің қоғамдағы ең үлкен әлеуметтік және демографиялық топ екенін ескере отырып, біз бұл мәселені тиімді шешуді қамтамасыз ету үшін жоғарыда тілге тиек етілген шаралар мен заңнамаларды әлі де болсын кеңінен насихатталу керек екенін сеземіз.
Жастар - қоғамның мәдени, әлеуметтік және т.б. салаларының толық қалыптасуы және тұрақтылығына әсер ететін негізі демографиялық және әлеуметтік топ. Демократиялық даму кезеңдерінде жастар мен қоғамның арасындағы байланыс еркін дамиды. Бұл мәселе жастар мен қоғамың байланысы мен өзара тәуелдігін анықтайтын фактор болып табылады.
Жомарт Жылкелдіұлы,